Жаңалықтар

Еліміздің ғалымдарын ауылдағы білім алаңдатады (видео)

Қазақстан ғалымдарын шалғай ауылдардың тым шашыраңқы орналасқаны алаңдатып отыр. Олардың айтуларынша, 10 кейде 15 шаңырақ шоғырланған ауылдарда білікті мамандар тұрақтамайды. Шағын көлеміне байланысты, мұндай мектептер техникалық құралдармен, тіпті оқулықтармен де жеткілікті дәрежеде жабдықталмайды. Осындай ауылды мектептерде жылда 400-500 мың бала оқытылады. «Сол себепті, мұндай ауылдарды біріктіру қажет» дейді Ұлттық ғылыми академиясының академигі Кенжеғали Сағадиев. Ғалымның айтуынша, мүлдем мектебі жоқ ауылды жерлер де бар. Онда өсіп жатқан бүлдіршіндер қатынап оқуға мәжбүр. Ал, білімді жүрдім-бардым алған оқушылардың үлгерімі елдегі білім сапасына едәуір әсер етуде. Айта кетейік, соңғы зерттеулерге сәйкес, білім сапасы бойынша 187 елдің ішінде Қазақстан 68-орында. Кенжеғали САҒАДИЕВ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі: - Бұл Қазақстанның ерекшелігі. Жері үлкен, халықы аз, мектептері шағын. Енді мұны түбегейлі шешу керек. Шөлді, шөлейтті жерлерді тұрғандар мекен етіп жатыр. Соларды тұрмысқа қолайлы жағдайға көшіру. Сонда халық шоғырланады. Шоғырланған халықта мектеп те іріленеді.
22.02.2013 10:16 3534

Қазақстан ғалымдарын шалғай ауылдардың тым шашыраңқы орналасқаны алаңдатып отыр. Олардың айтуларынша, 10 кейде 15 шаңырақ шоғырланған ауылдарда білікті мамандар тұрақтамайды.

Шағын көлеміне байланысты, мұндай мектептер техникалық құралдармен, тіпті оқулықтармен де жеткілікті дәрежеде жабдықталмайды. Осындай ауылды мектептерде жылда 400-500 мың бала оқытылады.

«Сол себепті, мұндай ауылдарды біріктіру қажет» дейді Ұлттық ғылыми академиясының академигі Кенжеғали Сағадиев. Ғалымның айтуынша, мүлдем мектебі жоқ ауылды жерлер де бар. Онда өсіп жатқан бүлдіршіндер қатынап оқуға мәжбүр. Ал, білімді жүрдім-бардым алған оқушылардың үлгерімі елдегі білім сапасына едәуір әсер етуде. Айта кетейік, соңғы зерттеулерге сәйкес, білім сапасы бойынша 187 елдің ішінде Қазақстан 68-орында.

Кенжеғали САҒАДИЕВ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

- Бұл Қазақстанның ерекшелігі. Жері үлкен, халықы аз, мектептері шағын. Енді мұны түбегейлі шешу керек. Шөлді, шөлейтті жерлерді тұрғандар мекен етіп жатыр. Соларды тұрмысқа қолайлы жағдайға көшіру. Сонда халық шоғырланады. Шоғырланған халықта мектеп те іріленеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға