Жастар «Досыңа кітап сыйла» акциясына белсене қатысты (видео)
Қызылорда жастары «Досыңа кітап сыйла» акциясына белсене қатысып, бір-біріне кітап сыйлады. Рухани тағылымды шараны «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды. Акцияның көздегені өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.
Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаға жиналған жастар қызықты, құнды кітаптармен алмасты. Бірі әдеби шығармалар жиынтығын алса, енді бірі өнер-ғылыми негіздегі оқулықтарды таңдады. Сондай-ақ, тарихи басылымдар мен журналдар да ерекше сұранысқа ие болды. Шарада электронды ақпарат құралдарына дағдыланған жастарға кітаптың қасиеті жете түсіндірілді.
Аружан АХМЕТОВА, колледж студенті:
- Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов аталарымыз білімді кісілер болған. Себебі, олар кітап арқылы сол жетістікке қол жеткізді. Кітаптың қазіргі кездегі орны ол бұрынғы кезеңнен бар. Ол жалғаса береді. Ол адамның рухани байлығын көбейтетін негізгі құрал ретінде танылады.