Жаңалықтар

Қазақта үш күйші Дайрабай болған ба?

Ғаламтордағы «Уикипедия» ашық энциклопедиясында биыл халық композиторы Дайрабай Нұрғожаұлының 190 жылдығы екендігі жазылған. Энциклопедиядағы мағлұматтың өзін сөйлетсек: «Нұрғожаұлы Дайрабай (1823, Ақмола облысы Есіл өзені бойы – 1893, сонда) – күйші, домбырашы. Дайрабай әкесінің інісі Нарқожа­дан – сыбызғы, ал ұстазы Көрпештен жетіген тартуды үйренген. Дайрабай – Сегіз серінің көрнекті шәкірттерінің бірі. Одан қобызда,­ сырнайда ойнауды үйренеді. Сегіз серінің тобында болып, өз өнерін жан-жақты дамытады. Ұстазы оны күйшілікпен қатар жауынгерлікке, мергендікке, қолөнерге, аңшы-саятшылдыққа, атбегілікке баулиды. Дайрабай сондай-ақ Нияз сері, Біржан салдармен бірге болып, өнерін тыңдайды. «Айымжан», «Көк қаршыға», «Құла жорға», «Ителгі», «Қара нар», «Кер бала», «Қайран ұстаз», «Кеттің, асыл Жиенбай», «Дайрабай», «Қожық», «Тілеубай шаһбаз» т.б. көптеген күйлердің авторы. Күйшінің «Дайрабай» күйі көптеген халық-аспаптар оркестрлерінің репертуарынан берік орын алған. Осы күйдің негізінде Е.Рахмадиев 1963 жылы «Дайрабай» атты симфониялық поэма жазды. Біз осы деректерді ары қарай қаузап, Дайрабай Нұрғожаұлы туралы неғұрлым тереңірек білуге тырыстық және осы орайда бір қызық жайтқа тап болдық. Бақсақ, хал­қымызда ақмолалық Нұрғожаұлы, жаңаар­қалық Ерназарұлы, созақтық тегі беймәлім тағы бір Дайрабай болыпты-мыс. Бар­лығы да – күйші, барлығы да – сөзге шешен. Бірақ Дайрабай Ерназарұлынан басқасы туралы дерек жоқтың қасы. Дайрабай дегенде музыкатанушылардың дені соны ғана ауызға алады және шертпе күйге ерекше жаңалық енгізген, бедері мен үні бөлек «Дайрабай» күйін Дайрабай Ерна­зарұлынікі деп таниды. Бірқатар музыка­танушыларға хабарласқанымызда олар Дайрабай Нұрғожаұлы есімді күйшіні бұ­рын-соңды тіпті естімегендерін айтты. Көне дәуірден сыр шерткен ескі де құнды дерек­терді сөйлетпек ниетте М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының музыка­тану бөліміне хабарласқан едім. Музыката­нушы Айнұр Қазтуған Д.Нұрғожаұлы тура­лы институттың қолжазба бөлімінен қандай да бір дерек бар-жоқтығын анықтап бер­мекке бекінді. Өкінішке қарай, жұмбақ күйшіге қатысты ешқандай мәлімет табыл­ған жоқ. Тілге тиек етіліп отырған «Уикипедияда» Дайрабай Ерназарұлы туралы да дерек берілген. Енді соған көз жүгіртейік: «Дайра­бай Ерназарұлы (1860, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу өзені бойы – 1937, Оңтүстік Қазақстан облы­сы Отырар ауда­ны Шәуілдір ауылы) – күй­ші. Дайра­бай­дың бойындағы сал-серіге тән мінез-құлық, әншілік-қүйшілік қасиет ата-анасы­нан дарыған. Дайрабайдың есімі Ақмола, Қараөткел, Қорғалжың төңі­регіне жақсы таныс болған. «Шұбартау», «Қараторғай», «Келіншек» деген әндер шығарған. Дайра­бай Кебен дейтін баймен бас араздығы салдарынан қуғын көріп, ақыры Қараөткел түрмесіне түседі. 1904 жылы түрмеден қа­шып шығып, ағайында­рымен қоштасып, оңтүстікке бет түзейді. 1937 жыл­ғы репрессия сүргіні басталғанда Дайрабайға «жүйрік атқа, ит жүгіртіп, құс салуға құмар, ән шығарып, күй тартқан, бұрынғы заманның сән-салтанатын жақсы көреді» деген айып тағылады. НКВД-нің қызметкерлері оны тұтқындауға келер ал­дын­да ғана әйгілі күйші көз жұмады.­ ­ «Дайрабай», «Қоштасу», «Қыр», «Сыр», «Сыр­дың суы», «Шәуілдір», «Әттеген-ай» т.б. күйлері бар. «Дайрабай» күйінің төрт нұсқасы белгілі». Баршамызға мәлім Д.Ерназарұлы туралы мәліметті берген Ақселеу Сейдімбек болса, Д.Нұрғожаұлы есімді күйші туралы деректі ұсынған – ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Қаратай Биғожин. Д.Ерназар­ұлының есімі А.Жұбанов, Т.Мерғалиев, С.Бегалин еңбектерінде де атап өтілген. Мәліметтерден көріп отырғанымыздай, екі Дайрабайдың да күйлері көп болған. Бірақ күйші, зерттеушілердің айтуынша, «Дайра­бай» күйінен басқасы қазір тартылмайды. Болуы да кәдік. Алайда бүгінге жетпеген, ұмыт болған тәрізді. Сонда қазіргі орында­лып жүрген «Дайрабай» күйі қай Дайра­байдікі? Егер тарихымызда үш Дайрабай болған болса, жұрттың көпшілігі бүгінде неге Дайрабай Ерназарұлын ғана біледі? Енді мамандар пікіріне құлақ түріп көрелік: Мұрат ӘБУҒАЗЫ, күйші, музыкатанушы: – Әшімтайдың «Қоңырқазы», Әбікен Хасеновтің «Қоңыры» секілді Дайрабай – жалғыз күйімен танылған күйші. Дай­рабай туралы дерек мүлдем аз, өте жұм­бақ адам. Кей деректер Ақмоланың Қорғалжың аймағында, бірі Жаңаарқа­ның Атасу деген жерінде туған дейді. Күйінің өзі ерекше. Күйші Арқада туса да, Тәттімбет пен Сүгірдің күйлері секілді бір шекті даралап тартылатын күй емес, желдірме типтес күй. Мұның күйі ре ма­жор­да жүреді, ондай күй Арқаның өзге күйшілерінде жоқ. «Дайрабай» аттас күйдің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше нұсқасы бар. Дайрабай күйлерінің қазіргі орындаушысы – Мұхаметжан Тілеу­ханов. Ол кісі ел арасындағы Қой­бағар, Тоқпан деген адамдардан үйре­ніпті. «Дайрабайдың» бір нұсқасын Ма­ғауия Хамзин, енді бір нұсқасын Әбікен Хасенов те орындаған екен, бірақ бізге жетпеген. Тағы бірі Әпике Әбенованың орындауында пластинкаға жазылған. Жанғали ЖҮЗБАЙ, күйші, өнер зерттеуші: – Дайрабай Ерназарұлы 1860 жылы Жаңаарқаның Атасу өзені бойында ту­ған. Жас кезінде істі болып, түрмеге түс­кен. 1904 жылы Қараөткелдегі түр­меде жатқан. Абақтыдан есебін тауып қашып, Бетпақдаламен оңтүстікке кет­кен. Оның өліміне қатысты екі дерек бар. Бірі – 1937 жылы репрессия кезін­де қиыншы­лықтан Шәуілдірде қайтыс болған, ал өлкетанушы ғалым Сүлеймен Тәбірі­зұлының дерегі бойынша, Созақ көтері­лі­сіне қатысқаны үшін атылған. Дайра­бай­дың күйді төкпелетіп тартуына Сырдың күйшісі Әлшекейдің әсері қатты болған. Түрмеден қашқанда бірінші барған жері – Сыр бойы. Сондықтан Әл­ше­кейдің күйлерімен стилі бір. Құла­ғымызға сіңіп кеткен «Дайрабай» күйі­нің нұсқасы – Мағауия Хамзиндікі. Айжан БЕРДІБАЕВА, музыкатанушы: – Дайрабай бір ғана күйімен бізге белгілі. Оқу бағдарламасына енбеген­діктен, Дайрабайды жеке оқытпаймыз. Тек Арқа күйшілік мектебімен қосып өтеміз. Оның үстіне, көп зерттелмеген, ол туралы дерек те аз. Ал Дайрабай Нұрғожаұлы туралы естімеппін. Арғын дайрабай мен алшын дайрабай бір адам емес пе? Дайрабайға қатысты дәлелді дәйек іздеу барысында белгілі күйші, өнер зерттеуші Жанғали Жүзбайдың «Шертпе күйдің төрт мектебі» атты зерттеу кітабынан мынадай қызықты көзім шалды. Әр мек­теп­ті жіліктеп жазған автор Қаратау күйшілік мектебі атты бөлімде: «Арқа күйшілерінің ішінде әуелі Сайдалы сары Тоқа мен Арғын Дайрабайдың (Алшын Дайрабай дейтін де күйші өткен – Жанғали Жүзбай) ықпалы Қаратау күйшілік мәдениетіне көбірек тигені тарихи дәлелді шындық»(21-бет), – деп жазыпты. Дайрабай Ерназарұлының Арғын руының Сармантайынан тараған­дығын А.Сейдімбектің «Күй-шежіре» кітабынан білдік. Ал Алшын Дайрабай кім? Жауабын білу ләзім. Жанғали ЖҮЗБАЙ, күйші, өнер зерттеуші: – Ел арасында екеуін ажырату үшін, біреуін – Арғын, екіншісін Алшын Дайрабай деген. Алшыны созақтық, ірі күйші болған. Жаңаарқа мен Созақтың арасын аралап жүрген адам. Жазда Қор­ғалжыңға дейін көшіп жүрген. Бұл Дайрабайдың Арқадағы Дайрабайдан ерекшелігі, сөзшең кісі болыпты. Бір сөзімен бір дауды тоқтатқан адам екен. «Дайрабай айтты» деген әңгіме халық арасында әлі күнге дейін айтылады. Оның күйлері қазір жоғалып кетті. Осы Дайрабайды зерттеп, сұрастырайын деп талаптанып едім, көзін көрген қариялар­дың барлығы қайтыс болып кетіпті. Ол туралы Созақтың атқамінері болған Есіркеп Өмірбеков есімді азамат жазып­ты. Бала күнімізде әкемнің ағасы Сейіт­хан «Дайрабайдың күйі» деп бір күйлер­ді тартып отыратын. Тегінде, екі адам аттас болса, бір-бірін жойып жібе­реді. Арғын Дайрабайдың күйшілігі Алшын Дайрабайдан басым болған соң есте қалған ғой. А.Сейдімбектің дерегіне сүйенсек, Д.Ерназарұлы да өлең сөзге ағылып тұрған. Шешесі Түйме Арқаға аты әйгілі Тарақты Тұяқ шешеннің қызы екен. Сал-серіге тән бар қасиет бойынан табылған Дайрабай «Шұбартау», «Қараторғай», «Келіншек» деген әндер де шығарған. Демек, екі Дайрабай да сөзге шебер. Жанғали Жүзбай тілге тиек еткен Есіркеп Өмірбековтің «Шежірелі өлке» атты кітабын парақтап отырып, «Дайрабайдың соңғы сөздері» атты шағын ғана естелікке кез болдым. Онда Дайрабайдың күйшілігіне қатысты мәлімет жоқ, тек әзіл-сықаққа жүйріктігі сөз етілген. Тақырыпты әрі қарай дендете келе, А.Сейдімбек пен Е.Өмірбековтің Дайрабай­ларынан адам аттарына қатысты мынадай дәлдікті таптық. «Дайрабай қартайып келе жатқан ша­ғын­да баласы Нұғыман, онан соң қызы Шәрипа өледі. Солардың артынша әйелі Жадыра да қайтыс болады. Үйі қаңырап бос қалады. Ол Түркістан қаласында тұра­тын інісі Шақабайдың қолына барады. Бар ауырлық Шақабайдың баласы Мадияр­ға түседі. 1931-1933 жылдардағы ашар­шы­лық Дайрабайды қатты күйзел­теді...» (Е.Өмірбеков «Шежірелі өлке», 257-258-б). Ал А.Сейдімбектің кітабында былай делінген: «Сармантай ішіндегі дөңгелек қана шаруасы бар Ерназар деген кісіден Дай­рабай, Шақабай атты екі ұл туған. Дай­ра­бай­дан ұл бала болмаған, Күлтай де­ген жалғыз қызы бертін келгенше Түркіс­­танда тұр­ған. Дайрабайдың туған інісі Шақабай­дан туған Мадияр, Оспан деген азаматтар­дың да 60-жылдары Түркіс­тан қаласында тұрғаны жөнінде дерек бар». (Т.Мерғалиев. Дом­быра сазы.1972,302-303 б). Бұған не дейміз? Дайрабай, інісі Шақа­бай, оның ұлы Мадиярдың атына дейін сәйкестік болуы мүмкін емес. Ж.Жүзбай айтқандай, созақтық күйші «Дайрабайдың күйі» деп Сейітхан ақсақал шертіп отыра­ты­ны дәл сол Ерназарұлы Дайрабай күйшінің күйлері болса керек. Бұл Дайра­бай­дың Алшын емес, Арғын екендігіне Е.Өмірбе­ков­тің мына жолдары дәлел: «Бөтен елде жүріп жалғыздық көрмейін» деп Созақ, Шолаққорған қыстақтарына ертерек келіп орналасып алған арғындар болса, соларды іздеп тауып, ағайын болып араласып жүрген. Арғын Аманбай молда­мен қалың қатынаста болған». ТҮЙІН Дайрабайға қатысты жұмбақтың шешуі осы бір ғана мақаламен шешілмесі анық. Тарихта болған біртуар тұлғалар мен бабадан аманат болып жеткен мұраларды аялау қажеттігі түйінді мәселелердің шешімін табуды қажет етеді. Осы орайда жалғыз күйімен жалпақ жұртты аузына қаратқан Дайрабай тұлғасы әлі де зерттеледі деген сенімдеміз. Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ. Алаш Айнасы
22.02.2013 05:05 9252

Ғаламтордағы «Уикипедия» ашық энциклопедиясында биыл халық композиторы Дайрабай Нұрғожаұлының 190 жылдығы екендігі жазылған. Энциклопедиядағы мағлұматтың өзін сөйлетсек: «Нұрғожаұлы Дайрабай (1823, Ақмола облысы Есіл өзені бойы – 1893, сонда) – күйші, домбырашы. Дайрабай әкесінің інісі Нарқожа­дан – сыбызғы, ал ұстазы Көрпештен жетіген тартуды үйренген. Дайрабай – Сегіз серінің көрнекті шәкірттерінің бірі. Одан қобызда,­ сырнайда ойнауды үйренеді. Сегіз серінің тобында болып, өз өнерін жан-жақты дамытады. Ұстазы оны күйшілікпен қатар жауынгерлікке, мергендікке, қолөнерге, аңшы-саятшылдыққа, атбегілікке баулиды. Дайрабай сондай-ақ Нияз сері, Біржан салдармен бірге болып, өнерін тыңдайды. «Айымжан», «Көк қаршыға», «Құла жорға», «Ителгі», «Қара нар», «Кер бала», «Қайран ұстаз», «Кеттің, асыл Жиенбай», «Дайрабай», «Қожық», «Тілеубай шаһбаз» т.б. көптеген күйлердің авторы. Күйшінің «Дайрабай» күйі көптеген халық-аспаптар оркестрлерінің репертуарынан берік орын алған. Осы күйдің негізінде Е.Рахмадиев 1963 жылы «Дайрабай» атты симфониялық поэма жазды.

Біз осы деректерді ары қарай қаузап, Дайрабай Нұрғожаұлы туралы неғұрлым тереңірек білуге тырыстық және осы орайда бір қызық жайтқа тап болдық. Бақсақ, хал­қымызда ақмолалық Нұрғожаұлы, жаңаар­қалық Ерназарұлы, созақтық тегі беймәлім тағы бір Дайрабай болыпты-мыс. Бар­лығы да – күйші, барлығы да – сөзге шешен. Бірақ Дайрабай Ерназарұлынан басқасы туралы дерек жоқтың қасы. Дайрабай дегенде музыкатанушылардың дені соны ғана ауызға алады және шертпе күйге ерекше жаңалық енгізген, бедері мен үні бөлек «Дайрабай» күйін Дайрабай Ерна­зарұлынікі деп таниды. Бірқатар музыка­танушыларға хабарласқанымызда олар Дайрабай Нұрғожаұлы есімді күйшіні бұ­рын-соңды тіпті естімегендерін айтты. Көне дәуірден сыр шерткен ескі де құнды дерек­терді сөйлетпек ниетте М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының музыка­тану бөліміне хабарласқан едім. Музыката­нушы Айнұр Қазтуған Д.Нұрғожаұлы тура­лы институттың қолжазба бөлімінен қандай да бір дерек бар-жоқтығын анықтап бер­мекке бекінді. Өкінішке қарай, жұмбақ күйшіге қатысты ешқандай мәлімет табыл­ған жоқ.

Тілге тиек етіліп отырған «Уикипедияда» Дайрабай Ерназарұлы туралы да дерек берілген. Енді соған көз жүгіртейік: «Дайра­бай Ерназарұлы (1860, Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу өзені бойы – 1937, Оңтүстік Қазақстан облы­сы Отырар ауда­ны Шәуілдір ауылы) – күй­ші. Дайра­бай­дың бойындағы сал-серіге тән мінез-құлық, әншілік-қүйшілік қасиет ата-анасы­нан дарыған. Дайрабайдың есімі Ақмола, Қараөткел, Қорғалжың төңі­регіне жақсы таныс болған. «Шұбартау», «Қараторғай», «Келіншек» деген әндер шығарған. Дайра­бай Кебен дейтін баймен бас араздығы салдарынан қуғын көріп, ақыры Қараөткел түрмесіне түседі. 1904 жылы түрмеден қа­шып шығып, ағайында­рымен қоштасып, оңтүстікке бет түзейді. 1937 жыл­ғы репрессия сүргіні басталғанда Дайрабайға «жүйрік атқа, ит жүгіртіп, құс салуға құмар, ән шығарып, күй тартқан, бұрынғы заманның сән-салтанатын жақсы көреді» деген айып тағылады. НКВД-нің қызметкерлері оны тұтқындауға келер ал­дын­да ғана әйгілі күйші көз жұмады.­ ­ «Дайрабай», «Қоштасу», «Қыр», «Сыр», «Сыр­дың суы», «Шәуілдір», «Әттеген-ай» т.б. күйлері бар. «Дайрабай» күйінің төрт нұсқасы белгілі».

Баршамызға мәлім Д.Ерназарұлы туралы мәліметті берген Ақселеу Сейдімбек болса, Д.Нұрғожаұлы есімді күйші туралы деректі ұсынған – ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Қаратай Биғожин. Д.Ерназар­ұлының есімі А.Жұбанов, Т.Мерғалиев, С.Бегалин еңбектерінде де атап өтілген. Мәліметтерден көріп отырғанымыздай, екі Дайрабайдың да күйлері көп болған. Бірақ күйші, зерттеушілердің айтуынша, «Дайра­бай» күйінен басқасы қазір тартылмайды. Болуы да кәдік. Алайда бүгінге жетпеген, ұмыт болған тәрізді. Сонда қазіргі орында­лып жүрген «Дайрабай» күйі қай Дайра­байдікі? Егер тарихымызда үш Дайрабай болған болса, жұрттың көпшілігі бүгінде неге Дайрабай Ерназарұлын ғана біледі? Енді мамандар пікіріне құлақ түріп көрелік:

Мұрат ӘБУҒАЗЫ, күйші, музыкатанушы:

– Әшімтайдың «Қоңырқазы», Әбікен Хасеновтің «Қоңыры» секілді Дайрабай – жалғыз күйімен танылған күйші. Дай­рабай туралы дерек мүлдем аз, өте жұм­бақ адам. Кей деректер Ақмоланың Қорғалжың аймағында, бірі Жаңаарқа­ның Атасу деген жерінде туған дейді. Күйінің өзі ерекше. Күйші Арқада туса да, Тәттімбет пен Сүгірдің күйлері секілді бір шекті даралап тартылатын күй емес, желдірме типтес күй. Мұның күйі ре ма­жор­да жүреді, ондай күй Арқаның өзге күйшілерінде жоқ. «Дайрабай» аттас күйдің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше нұсқасы бар. Дайрабай күйлерінің қазіргі орындаушысы – Мұхаметжан Тілеу­ханов. Ол кісі ел арасындағы Қой­бағар, Тоқпан деген адамдардан үйре­ніпті. «Дайрабайдың» бір нұсқасын Ма­ғауия Хамзин, енді бір нұсқасын Әбікен Хасенов те орындаған екен, бірақ бізге жетпеген. Тағы бірі Әпике Әбенованың орындауында пластинкаға жазылған.

Жанғали ЖҮЗБАЙ, күйші, өнер зерттеуші:

– Дайрабай Ерназарұлы 1860 жылы Жаңаарқаның Атасу өзені бойында ту­ған. Жас кезінде істі болып, түрмеге түс­кен. 1904 жылы Қараөткелдегі түр­меде жатқан. Абақтыдан есебін тауып қашып, Бетпақдаламен оңтүстікке кет­кен. Оның өліміне қатысты екі дерек бар. Бірі – 1937 жылы репрессия кезін­де қиыншы­лықтан Шәуілдірде қайтыс болған, ал өлкетанушы ғалым Сүлеймен Тәбірі­зұлының дерегі бойынша, Созақ көтері­лі­сіне қатысқаны үшін атылған. Дайра­бай­дың күйді төкпелетіп тартуына Сырдың күйшісі Әлшекейдің әсері қатты болған. Түрмеден қашқанда бірінші барған жері – Сыр бойы. Сондықтан Әл­ше­кейдің күйлерімен стилі бір. Құла­ғымызға сіңіп кеткен «Дайрабай» күйі­нің нұсқасы – Мағауия Хамзиндікі.

Айжан БЕРДІБАЕВА, музыкатанушы:

– Дайрабай бір ғана күйімен бізге белгілі. Оқу бағдарламасына енбеген­діктен, Дайрабайды жеке оқытпаймыз. Тек Арқа күйшілік мектебімен қосып өтеміз. Оның үстіне, көп зерттелмеген, ол туралы дерек те аз. Ал Дайрабай Нұрғожаұлы туралы естімеппін.

Арғын дайрабай мен алшын дайрабай бір адам емес пе?

Дайрабайға қатысты дәлелді дәйек іздеу барысында белгілі күйші, өнер зерттеуші Жанғали Жүзбайдың «Шертпе күйдің төрт мектебі» атты зерттеу кітабынан мынадай қызықты көзім шалды. Әр мек­теп­ті жіліктеп жазған автор Қаратау күйшілік мектебі атты бөлімде: «Арқа күйшілерінің ішінде әуелі Сайдалы сары Тоқа мен Арғын Дайрабайдың (Алшын Дайрабай дейтін де күйші өткен – Жанғали Жүзбай) ықпалы Қаратау күйшілік мәдениетіне көбірек тигені тарихи дәлелді шындық»(21-бет), – деп жазыпты. Дайрабай Ерназарұлының Арғын руының Сармантайынан тараған­дығын А.Сейдімбектің «Күй-шежіре» кітабынан білдік. Ал Алшын Дайрабай кім? Жауабын білу ләзім.

Жанғали ЖҮЗБАЙ, күйші, өнер зерттеуші:

– Ел арасында екеуін ажырату үшін, біреуін – Арғын, екіншісін Алшын Дайрабай деген. Алшыны созақтық, ірі күйші болған. Жаңаарқа мен Созақтың арасын аралап жүрген адам. Жазда Қор­ғалжыңға дейін көшіп жүрген. Бұл Дайрабайдың Арқадағы Дайрабайдан ерекшелігі, сөзшең кісі болыпты. Бір сөзімен бір дауды тоқтатқан адам екен. «Дайрабай айтты» деген әңгіме халық арасында әлі күнге дейін айтылады. Оның күйлері қазір жоғалып кетті. Осы Дайрабайды зерттеп, сұрастырайын деп талаптанып едім, көзін көрген қариялар­дың барлығы қайтыс болып кетіпті. Ол туралы Созақтың атқамінері болған Есіркеп Өмірбеков есімді азамат жазып­ты. Бала күнімізде әкемнің ағасы Сейіт­хан «Дайрабайдың күйі» деп бір күйлер­ді тартып отыратын. Тегінде, екі адам аттас болса, бір-бірін жойып жібе­реді. Арғын Дайрабайдың күйшілігі Алшын Дайрабайдан басым болған соң есте қалған ғой.

А.Сейдімбектің дерегіне сүйенсек, Д.Ерназарұлы да өлең сөзге ағылып тұрған. Шешесі Түйме Арқаға аты әйгілі Тарақты Тұяқ шешеннің қызы екен. Сал-серіге тән бар қасиет бойынан табылған Дайрабай «Шұбартау», «Қараторғай», «Келіншек» деген әндер де шығарған. Демек, екі Дайрабай да сөзге шебер. Жанғали Жүзбай тілге тиек еткен Есіркеп Өмірбековтің «Шежірелі өлке» атты кітабын парақтап отырып, «Дайрабайдың соңғы сөздері» атты шағын ғана естелікке кез болдым. Онда Дайрабайдың күйшілігіне қатысты мәлімет жоқ, тек әзіл-сықаққа жүйріктігі сөз етілген. Тақырыпты әрі қарай дендете келе, А.Сейдімбек пен Е.Өмірбековтің Дайрабай­ларынан адам аттарына қатысты мынадай дәлдікті таптық.

«Дайрабай қартайып келе жатқан ша­ғын­да баласы Нұғыман, онан соң қызы Шәрипа өледі. Солардың артынша әйелі Жадыра да қайтыс болады. Үйі қаңырап бос қалады. Ол Түркістан қаласында тұра­тын інісі Шақабайдың қолына барады. Бар ауырлық Шақабайдың баласы Мадияр­ға түседі. 1931-1933 жылдардағы ашар­шы­лық Дайрабайды қатты күйзел­теді...» (Е.Өмірбеков «Шежірелі өлке», 257-258-б).

Ал А.Сейдімбектің кітабында былай делінген: «Сармантай ішіндегі дөңгелек қана шаруасы бар Ерназар деген кісіден Дай­рабай, Шақабай атты екі ұл туған. Дай­ра­бай­дан ұл бала болмаған, Күлтай де­ген жалғыз қызы бертін келгенше Түркіс­­танда тұр­ған. Дайрабайдың туған інісі Шақабай­дан туған Мадияр, Оспан деген азаматтар­дың да 60-жылдары Түркіс­тан қаласында тұрғаны жөнінде дерек бар». (Т.Мерғалиев. Дом­быра сазы.1972,302-303 б).

Бұған не дейміз? Дайрабай, інісі Шақа­бай, оның ұлы Мадиярдың атына дейін сәйкестік болуы мүмкін емес. Ж.Жүзбай айтқандай, созақтық күйші «Дайрабайдың күйі» деп Сейітхан ақсақал шертіп отыра­ты­ны дәл сол Ерназарұлы Дайрабай күйшінің күйлері болса керек. Бұл Дайра­бай­дың Алшын емес, Арғын екендігіне Е.Өмірбе­ков­тің мына жолдары дәлел: «Бөтен елде жүріп жалғыздық көрмейін» деп Созақ, Шолаққорған қыстақтарына ертерек келіп орналасып алған арғындар болса, соларды іздеп тауып, ағайын болып араласып жүрген. Арғын Аманбай молда­мен қалың қатынаста болған».

ТҮЙІН

Дайрабайға қатысты жұмбақтың шешуі осы бір ғана мақаламен шешілмесі анық. Тарихта болған біртуар тұлғалар мен бабадан аманат болып жеткен мұраларды аялау қажеттігі түйінді мәселелердің шешімін табуды қажет етеді. Осы орайда жалғыз күйімен жалпақ жұртты аузына қаратқан Дайрабай тұлғасы әлі де зерттеледі деген сенімдеміз.

Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ.

Алаш Айнасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға