Жаңалықтар

Өмірбаяны

Қасымов Қуандық Құлмамырұлы 1957 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында туылған. 1984 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында оқып, драма театры және кино актері мамандығын алды. 1984 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында, 1992-1994 жылдары Ақмола облысы музыкалық драма театрында актер, қоюшы-режиссер қызметтерін атқарды. 1998-2011 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып еңбек етті. Қ.Қасымов 1998 жылы IV респубикалық  театр фестивалінің «Үміт» жүлдесінің лауреаты, 1999 жылы Бішкекте өткен «Айтматов және театр» атты халықаралық театр фестивалінде «Ең үздік режиссура үшін» лауреат атанды. 2001 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен, 2006 жылы  «Ерен еңбегі үшін»  медалімен, 2006 жылы Қырғызстан Республикасының «Маданияттың мыкты кызматкери» төс белгісімен марапатталды. 2007 жылы «Қазақстан ардагерлері» кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының рөлін үздік сомдағаны үшін «Батыр шапағаты» медалімен  марапатталды. 2008 жылы Қырғызстан Республикасының ІІІ республикалық Театрлар фестивалінде М.Рысқұлов атындағы Қырғыз академиялық музыкалық-драма театрында Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасы бойынша қойылған спектакль үшін «Ең үздік инсценировка» номинациясын және Қырғыз драматургі Т.Абдықадыров атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын жеңіп алды. Қ.Қасымов М.Байжиевтің «Құдалар», Ш.Айтматов пен М.Шахановтың  «Сократ түні», Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-ана», Ә.Әмзеұлының «Кейуана», Е.Әлімжанның «Жанұран», «Бір қазаққа – бір қатын?..», Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік», Д.Исабековтың «Пері мен періште», Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», У.Шекспирдің «Ричард ІІІ», С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» т.б. пьесаларын сахналады. Режиссер Қ.Қасымовтың Қырғызстан Республикасының Халық суретшісі Марат Шарафидиновпен ұзақ жылдар бойына шығармашылық байланыста болуы театр ұжымы үшін жемісті кезең болды. Қ.Қасымовтың шығармашылығын ашып көрсететін ерекшелігі – театр сахнасына қойылатын жанрларды аса талғампаздықпен таңдай білуі және барлық жанрлар бойынша көркем идея таба білетін жан-жақтылығы. Сахнаға шығарған қойылымдары сан түрлі жанрда болып келеді, яғни олардың ішінде мелодрама, трагедия, трагикомедия, психологиялық, лирикалық, драма мен мюзиклдер бар. Қ.Қасымов қазіргі таңда театрдың бас режиссері болып қызмет етуде.
21.02.2013 08:37 5145

Қасымов Қуандық Құлмамырұлы 1957 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында туылған.
1984 жылы Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында оқып, драма театры және кино актері мамандығын алды. 1984 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында, 1992-1994 жылдары Ақмола облысы музыкалық драма театрында актер, қоюшы-режиссер қызметтерін атқарды.
1998-2011 жылдары Жамбыл облыстық қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып еңбек етті.
Қ.Қасымов 1998 жылы IV респубикалық  театр фестивалінің «Үміт» жүлдесінің лауреаты, 1999 жылы Бішкекте өткен «Айтматов және театр» атты халықаралық театр фестивалінде «Ең үздік режиссура үшін» лауреат атанды.
2001 жылы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалімен, 2006 жылы  «Ерен еңбегі үшін»  медалімен, 2006 жылы Қырғызстан Республикасының «Маданияттың мыкты кызматкери» төс белгісімен марапатталды.
2007 жылы «Қазақстан ардагерлері» кеңесінің шешімімен Бауыржан Момышұлының рөлін үздік сомдағаны үшін «Батыр шапағаты» медалімен  марапатталды.
2008 жылы Қырғызстан Республикасының ІІІ республикалық Театрлар фестивалінде М.Рысқұлов атындағы Қырғыз академиялық музыкалық-драма театрында Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» шығармасы бойынша қойылған спектакль үшін «Ең үздік инсценировка» номинациясын және Қырғыз драматургі Т.Абдықадыров атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атағын жеңіп алды.
Қ.Қасымов М.Байжиевтің «Құдалар», Ш.Айтматов пен М.Шахановтың  «Сократ түні», Ш.Айтматовтың «Ана – Жер-ана», Ә.Әмзеұлының «Кейуана», Е.Әлімжанның «Жанұран», «Бір қазаққа – бір қатын?..», Ж.Омаровтың «Құлыншақ пен бөлтірік», Д.Исабековтың «Пері мен періште», Ш.Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасы», У.Шекспирдің «Ричард ІІІ», С.Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» т.б. пьесаларын сахналады.
Режиссер Қ.Қасымовтың Қырғызстан Республикасының Халық суретшісі Марат Шарафидиновпен ұзақ жылдар бойына шығармашылық байланыста болуы театр ұжымы үшін жемісті кезең болды.
Қ.Қасымовтың шығармашылығын ашып көрсететін ерекшелігі – театр сахнасына қойылатын жанрларды аса талғампаздықпен таңдай білуі және барлық жанрлар бойынша көркем идея таба білетін жан-жақтылығы. Сахнаға шығарған қойылымдары сан түрлі жанрда болып келеді, яғни олардың ішінде мелодрама, трагедия, трагикомедия, психологиялық, лирикалық, драма мен мюзиклдер бар.
Қ.Қасымов қазіргі таңда театрдың бас режиссері болып қызмет етуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға