Жаңалықтар

EXPO қалашықтың құрылысы 2014 жылы басталады

Астанада EXPO қалашықтың құрылысы 2014 жылы басталады. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барысында мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде EXPO қалашығының жобасына арналған халықаралық байқау жарияланған көрінеді. «Ол жоба биылғы жылдың қазанында Халықаралық көрме бюросы тарапынан бекітіліп, осыдан кейін 2014 жылдың басында қарқынды құрылыс басталады», - деп нақтылап өтті әкім. Айта кетейік, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үшін коммуникациялық тұрғыда қолайлы 124 гектар жер бөлінген болатын. Аталған аумақ медициналық кластер аймағының солтүстігінде, Орынбор көшесі, №27 және №30, сондай-ақ Қабанбай батыр көшелерімен шектес аралықты қамтиды. BAQ.kz
21.02.2013 06:21 2713

Астанада EXPO қалашықтың құрылысы 2014 жылы басталады. Бұл туралы бүгін елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов халықпен есепті кездесуі барысында мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде EXPO қалашығының жобасына арналған халықаралық байқау жарияланған көрінеді. «Ол жоба биылғы жылдың қазанында Халықаралық көрме бюросы тарапынан бекітіліп, осыдан кейін 2014 жылдың басында қарқынды құрылыс басталады», - деп нақтылап өтті әкім.

Айта кетейік, EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу үшін коммуникациялық тұрғыда қолайлы 124 гектар жер бөлінген болатын. Аталған аумақ медициналық кластер аймағының солтүстігінде, Орынбор көшесі, №27 және №30, сондай-ақ Қабанбай батыр көшелерімен шектес аралықты қамтиды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға