Элизабет Тейлордың құнды заттарын тамашалауға мүмкіндік туды (видео)
АҚШ-тың Беверли Хиллз қаласында Элизабет Тейлордың құнды заттары көпшілік назарына ұсынылды.
Көрмеде Тейлордың өмір бойы жинаған барлық зергерлік бұйымдары көрсетілген. Топтаманың ішінде ең бағалысы – асыл тастан көмкерілген әшекей мен меруерт алқасы. Бұл екі бұйымды 1964 жылы актрисаға оның жары сыйлаған екен. Тейлордың жақұт тастарға да ерекше талғаммен қарайтыны көрініп-ақ тұр. Мәселен, жақұттан жасалынған мойынтұмарларды көптеп кездестіруге болады. Көрермендер асыл тастардың топтамасын наурыздың соңына дейін тамашалай алады. Кейін әшекей бұйымдар әлемнің басқа елдеріне жеткізілмек.
Элизабет Тейлордың құнды заттарын тамашалауға мүмкіндік туды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

