Жаңалықтар

«Менің Астанам» сурет сайысы жеңімпаздарының жұмысы көрермен назарына ұсынылды (видео)

Елордада «Менің Астанам» атты сурет көрмесі ашылды. Көрермендер назарына ең таңдаулы 6 фото сурет қойылған. Көрмені Корей ұлттық орталығының мамандары ұйымдастырған. Олар бұған дейін астаналықтар арасында фото байқау жариялаған болатын. Қаңтардың 14-і мен ақпанның 8-і аралығында 57 қатысушыдан 200-ге жуық сурет ұсынылған. Ал көрмеге ең үздік деп танылғандары қойылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар жастардың елорданы басқа қырынан танытуда қосқан үлестерін айтып, ақ жол тіледі. Павел ОГАЙ, «Менің Астанам» сурет сайысының жеңімпазы: - Мен көбіне астаналықтарты суретке түсіргенді ұнатамын. Осы сайысқа қатысу арқылы өз мүмкіндігімді байқадым. Ұйымдастырушылар үздік деп тапқан суретте екі балықшыны, көпір мен табиғатты түсірген едім.  
21.02.2013 04:58 5083

Елордада «Менің Астанам» атты сурет көрмесі ашылды. Көрермендер назарына ең таңдаулы 6 фото сурет қойылған. Көрмені Корей ұлттық орталығының мамандары ұйымдастырған. Олар бұған дейін астаналықтар арасында фото байқау жариялаған болатын. Қаңтардың 14-і мен ақпанның 8-і аралығында 57 қатысушыдан 200-ге жуық сурет ұсынылған. Ал көрмеге ең үздік деп танылғандары қойылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар жастардың елорданы басқа қырынан танытуда қосқан үлестерін айтып, ақ жол тіледі.

Павел ОГАЙ«Менің Астанам» сурет сайысының жеңімпазы:

- Мен көбіне астаналықтарты суретке түсіргенді ұнатамын. Осы сайысқа қатысу арқылы өз мүмкіндігімді байқадым. Ұйымдастырушылар үздік деп тапқан суретте екі балықшыны, көпір мен табиғатты түсірген едім.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға