Жаңалықтар

Елордада Қазақбай Әжібекұлының жеке көрмесі ашылды

Астанада Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, қылқалам шебері Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман» атты жеке көрмесі ашылды. Оған суретшінің «Астана таңы» топтамаларымен қатар, бояуы кеппеген туындылары қойылды. Суретші көне заман мен қазіргі тұрмыс бейнелерін сомдай отырып, дәстүрлердің мызғымастығын, дала даналығы мен өмірге шынайы құштарлықты айқын бейнелеген. Көрмеге келушілер автордың «Астана таңы» кескіндемесіне қызыға қарады. Онда суретші тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесін анағұрлым ашып көрсеткен. Оның  «Алтын Дала», «Қыз Жібек», «Сарыарқа көшi», «Көшпенділер»  деп аталатын қолтаңбасы бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының төрінен орын алған. Қазақбай ӘЖІБЕКҰЛЫ, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі: - «Астана таңы» деген сурет бар. Орталық көрменің жұмысы. Оның ішінде музей коллекция жұмыстармен жаңа жұмыстар бар. Осы көрмемді сүйікті қаламызға арнаймын. Камиль МОЛЛАШЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: - Қазақбай Әжібекұлының тақырыбы – еліміздің табиғаты, тарихы, мәдениеті. Ол қазақ бейнесін көрсетуді мақсат қылған. Бұлар өте жақсы тақырыптар.
21.02.2013 04:01 3325

Астанада Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, қылқалам шебері Қазақбай Әжібекұлының «Асыл арман» атты жеке көрмесі ашылды.

Оған суретшінің «Астана таңы» топтамаларымен қатар, бояуы кеппеген туындылары қойылды. Суретші көне заман мен қазіргі тұрмыс бейнелерін сомдай отырып, дәстүрлердің мызғымастығын, дала даналығы мен өмірге шынайы құштарлықты айқын бейнелеген. Көрмеге келушілер автордың «Астана таңы» кескіндемесіне қызыға қарады. Онда суретші тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесін анағұрлым ашып көрсеткен. Оның  «Алтын Дала», «Қыз Жібек», «Сарыарқа көшi», «Көшпенділер»  деп аталатын қолтаңбасы бүгінде ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының төрінен орын алған.

Қазақбай ӘЖІБЕКҰЛЫ, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі:

- «Астана таңы» деген сурет бар. Орталық көрменің жұмысы. Оның ішінде музей коллекция жұмыстармен жаңа жұмыстар бар. Осы көрмемді сүйікті қаламызға арнаймын.

Камиль МОЛЛАШЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

- Қазақбай Әжібекұлының тақырыбы – еліміздің табиғаты, тарихы, мәдениеті. Ол қазақ бейнесін көрсетуді мақсат қылған. Бұлар өте жақсы тақырыптар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға