Жаңалықтар

Қырым конференциясы

Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012 Қырым Конференциясы, Ялта конференциясы (1945 ж. 4 — 11 ақпан) — халықаралық келісім. Оған 2-дүниежүз. соғыстағы одақтас үш держава — КСРО, АҚШ, өлыбританияның мемлекет басшылары: И.В. Сталин, Ф.Д. Рузвельт, У.Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб бастықтары, т.б. кеңесшілер қатысты. Қ. к-нда ұрыс қимылдарын Германия тізе бүккеннен кейін ғана тоқтату туралы келісім жасалды. Үш держава басшылары герман милитаризмі мен әсіре ұлтшылдығын жоюға және Германия бұдан былай бейбітшілікті бұза алмайтындай берік кепілдік жасау туралы мәмілеге келді. Бұл үшін Германияның барлық қарулы күштерін қарусыздандыру және тарату, герман бас штабы мен соғыс өнеркәсібін жою немесе бақылауға алу, барлық соғыс қылмыскерлерін жазалау, фашистік партияны және барлық фашистік ұйымдар мен мекемелерді жою жөнінде шешім қабылданды. “Азат етілген Еуропа туралы Декларация” қабылдап, онда өзара келісілген саясат жүргізу, Еуропа елдеріндегі фашизмнің ізін толық жою, демокр. мекемелерді қолдау принциптері белгіленді. Соғыстан кейінгі халықар. қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Біріккен өлттар өйымын құру туралы шешім қабылданды. Бөө-ның Жарғысын қабылдайтын конференцияны 1945 ж. 25-сәуірде Сан-Францискода өткізу келісілді (қ. Біріккен өлттар өйымы). Қ. к-нда Кеңес Одағының Жапонияға қарсы соғысқа кірісуі туралы мәселе қаралды. Кеңес Одағы бұл соғысқа Германия тізе бүккеннен соң 2 — 3 айдан кейін кірісуге әзір екендігін білдірді. Жапония талқандалғаннан кейін Кеңес Одағына Оңт. Сахалин мен Куриль аралдары қайтарып берілетіндігі ерекше шешім ретінде жазылды. Сталиннің ұсынысымен Корея 38-параллель бойынша екі аймаққа бөлініп, біреуін КСРО оккупациялайды деп көрсетілді. Соғыстан кейін Германияны аймақтарға бөліп, ондағы жоғарғы өкімет билігін КСРО, АҚШ пен өлыбритания Қарулы Күштерінің қолбасшылары жүзеге асыратын болды. Германияға қатысы бар мәселелерді шешу үшін оккупац. әскерлердің қолбасшыларынан тұратын Бақылау Кеңесін құру ұйғарылды. Жеңіске жеткен елдер шығынының орнын толтыру мәселесі талқыланып, репарац. комиссия құру туралы келісім жасалды. Польша мәселесі де қаралды. Польша мен КСРО-ның шекарасы “Керзон сызығы” бойынша өтуге тиіс болды. “Польша солтүстікте де, батыста да елеулі үлес алуға тиіс” делінді. Қ. к-нда сондай-ақ үш державаның сыртқы істер министрлері арасындағы жүйелі кеңестің тұрақты механизмін жасау мәселесі де қаралды.   С. Тортаев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том
08.11.2012 10:53 23473

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

Қырым Конференциясы, Ялта конференциясы (1945 ж. 4 — 11 ақпан) — халықаралық келісім. Оған 2-дүниежүз. соғыстағы одақтас үш держава — КСРО, АҚШ, өлыбританияның мемлекет басшылары: И.В. Сталин, Ф.Д. Рузвельт, У.Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб бастықтары, т.б. кеңесшілер қатысты. Қ. к-нда ұрыс қимылдарын Германия тізе бүккеннен кейін ғана тоқтату туралы келісім жасалды. Үш держава басшылары герман милитаризмі мен әсіре ұлтшылдығын жоюға және Германия бұдан былай бейбітшілікті бұза алмайтындай берік кепілдік жасау туралы мәмілеге келді. Бұл үшін Германияның барлық қарулы күштерін қарусыздандыру және тарату, герман бас штабы мен соғыс өнеркәсібін жою немесе бақылауға алу, барлық соғыс қылмыскерлерін жазалау, фашистік партияны және барлық фашистік ұйымдар мен мекемелерді жою жөнінде шешім қабылданды. “Азат етілген Еуропа туралы Декларация” қабылдап, онда өзара келісілген саясат жүргізу, Еуропа елдеріндегі фашизмнің ізін толық жою, демокр. мекемелерді қолдау принциптері белгіленді. Соғыстан кейінгі халықар. қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Біріккен өлттар өйымын құру туралы шешім қабылданды. Бөө-ның Жарғысын қабылдайтын конференцияны 1945 ж. 25-сәуірде Сан-Францискода өткізу келісілді (қ. Біріккен өлттар өйымы). Қ. к-нда Кеңес Одағының Жапонияға қарсы соғысқа кірісуі туралы мәселе қаралды. Кеңес Одағы бұл соғысқа Германия тізе бүккеннен соң 2 — 3 айдан кейін кірісуге әзір екендігін білдірді. Жапония талқандалғаннан кейін Кеңес Одағына Оңт. Сахалин мен Куриль аралдары қайтарып берілетіндігі ерекше шешім ретінде жазылды. Сталиннің ұсынысымен Корея 38-параллель бойынша екі аймаққа бөлініп, біреуін КСРО оккупациялайды деп көрсетілді. Соғыстан кейін Германияны аймақтарға бөліп, ондағы жоғарғы өкімет билігін КСРО, АҚШ пен өлыбритания Қарулы Күштерінің қолбасшылары жүзеге асыратын болды. Германияға қатысы бар мәселелерді шешу үшін оккупац. әскерлердің қолбасшыларынан тұратын Бақылау Кеңесін құру ұйғарылды. Жеңіске жеткен елдер шығынының орнын толтыру мәселесі талқыланып, репарац. комиссия құру туралы келісім жасалды. Польша мәселесі де қаралды. Польша мен КСРО-ның шекарасы “Керзон сызығы” бойынша өтуге тиіс болды. “Польша солтүстікте де, батыста да елеулі үлес алуға тиіс” делінді. Қ. к-нда сондай-ақ үш державаның сыртқы істер министрлері арасындағы жүйелі кеңестің тұрақты механизмін жасау мәселесі де қаралды.

 

С. Тортаев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға