Жаңалықтар

Көне жәдігерлер табылды (видео)

Жамбыл облысынан сақ дәуірінде өмір сүрген «Алтын адамның» киім қалдықтары табылды. Сәнді киімнің ерекшелігі зооморфтық стильде жасалған және сақ патшасына тиесілі болған. Бұл туралы археолог Дмитрий Воякин айтты. Сондай-ақ, қазба жұмыстары барысында Ақбұлым ауылына қарасты Жетітөбе қорғандарының бірінен біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырларға жататын 40-қа жуық көне жәдігерлер табылған. Мамандар, осы уақытқа дейін қорымды тонау шараларына қарамастан, тарихи маңызды ескерткіштердің сақталғанына таңданыс білдіруде. Табылған көне жәдігерлер жақын арада Төрткүл керуен-сарайы кешеніне қойылатын болады. Дмитрий ВОЯКИН, археолог: - Сақ патшасы жерленген қорымда 4 құстың қаңқасының табылғаны өте қызық. Яғни, бұл сақ патшасының құс аулаумен және аңшылықпен айналысқанын дәлелдейді. Сондықтан оның сүйікті құстары өзімен бірге жерленген.
20.02.2013 03:06 5437

Жамбыл облысынан сақ дәуірінде өмір сүрген «Алтын адамның» киім қалдықтары табылды.

Сәнді киімнің ерекшелігі зооморфтық стильде жасалған және сақ патшасына тиесілі болған. Бұл туралы археолог Дмитрий Воякин айтты. Сондай-ақ, қазба жұмыстары барысында Ақбұлым ауылына қарасты Жетітөбе қорғандарының бірінен біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырларға жататын 40-қа жуық көне жәдігерлер табылған. Мамандар, осы уақытқа дейін қорымды тонау шараларына қарамастан, тарихи маңызды ескерткіштердің сақталғанына таңданыс білдіруде. Табылған көне жәдігерлер жақын арада Төрткүл керуен-сарайы кешеніне қойылатын болады.

Дмитрий ВОЯКИН, археолог:

- Сақ патшасы жерленген қорымда 4 құстың қаңқасының табылғаны өте қызық. Яғни, бұл сақ патшасының құс аулаумен және аңшылықпен айналысқанын дәлелдейді. Сондықтан оның сүйікті құстары өзімен бірге жерленген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға