Жаңалықтар

Өмірбаяны

Дүйсебаев Тұрар (9.6.1928 жылы туылған, Красногор ауданы) – режиссер. Ташкенттегі Н.Островский атындағы театр институтын бітірген. 1953-1956 жылдары Жамбыл облыстық драма театрының бас режиссері,  1956-1957 жылдары Гуревь облыстық музыкалық-драма театрының бас режиссері, 1958-1973 жылдары "Қазахфильм" киностудиясының  кинорежиссері, 1973-1983 жылдары Жамбыл олбыстық қазақ драма театрының директоры және режиссері, 1983-1988 жылдары Жамбыл облысы шығармашылық және мәдениет орталығының директоры қызметтерін атқарған. 1988 жылдан зейнеткер. 1992 жылдан бері «Тараз-Тұрарфильм» атты жеке киностудяның директоры.               3 кітаптың, 20-дан аса деректі, ғылыми-көпшілік фильмдердің, 40-тан аса пьесалардың, қойылымдар мен инсценировкалардың авторы, 7 көркем фильмнің, олардың ішінде Б.Соқпақбаевтың повесінің желісі бойынша түсірілген "Менің атым Қожа", "Апиын", "Жыртқыштар" фильмдерінің, қосымша "Сенің достарың", "Менің балам" фильмдерінде қоюшы-режиссері. 1965 жылы "Менің атым Қожа" фильмі үшін Францияның Кан қаласында өткен халықаралық кинофестивальде арнайы дипломмен марапатталған. 1953 жылы Ташкент қаласындағы өнер институтының режиссерлік факультетін бітірген жамбылдық жас талап Тұрар Дүйсебаев бас режиссерлік жұмысын туған жерден бастады. Ол Ш.Құсайыновтың «Есірткен ерке», Н.Баймұхамедов пен Қ.Жандарбековтың «Ер Тарғын», азербайжан драматургы У.Гаджибековтың «Аршин-малалан», К.Жантошевтің «Асауға бұғау», М.Хакимзаденің «Бай мен батырақ», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», С. Мұқановтың «Ботакөз» шығармаларын және пьессаларын сахналап, өзіндік қолтаңба қалдыруға құштар екендігін көрсетті. Т.Дүйсебаев облыстық театр тарихында тұңғыш рет балаларға арналған ертегі қойылымын дүниеге әкелді. Б.Гемрекели мен Г.Нахупришвилидің «Ержүрек Кикила туралы ертегі» пьессаларын шығарды. Француз драматургы Жан-Батист Мольердің «Скапеннің айласы» пъесасын да алғаш қоюға қол жеткізді. «Асауға бұғауда» Сырғаны Г.Батырғалиева, Бегайымды А.Ружева, Бораншыны Қ.Қайсабаев, Қапсалақты Б.Саршаев, хатшы қызды Н.Ниязалиева тартымды сомдаса, «Ер Тарғында» Ақжүністі А.Ружева, Ер Тарғынды Ш.Сәкиев, Қарт Қожақты Қ.Қасымбеков, Дананы Н.Досжанова, Жырауды Ш.Халықов, Қапан ханды И.Құлатаев, Саханды Сейдалы Әбілғазин бейнеледі. Гүлжамал Батырғалиева «Есірткен еркеде» Гүлнафис, «Бай мен батырақта» Ходжаны, «Аршин-малаланда» Телли рөлдерін аса тартымды шығарып, есімі облыстың Құрмет кітабына жазылды. Ал Шәріпбай Сәкиев «Скапеннің айласында» Скапен, «Қыз Жібекте» Бекежан, «Ботакөзде» Итбай, «Бай мен батырақта»  Қадырқұл, «Аршин-малаланда» Сұлтанбек, «Есірткен еркеде» Жәкіш рөлдерін ерекше сомдап, КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалінің иегері атанды. Т.Дүйсебаев Ғ. Мүсіреповтың "Қыз Жібек" музыкалық драмасы мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясын да өзінше қайта сахналады. Ж.Шәймерденова Қыз Жібек, Ш.Халықов Шеге, И.Құлатаев Төлеген, М.Табанов Базарбай, Н.Досжанова Қарлығаш, Г.Батырғалиева Қамқаны ойнап, спектакльдің жанрлық қуатын арттырса, трагедияда А.Ружева Баянды, Ташкенттен жоғары білім алып келген Ж.Шүленбаев Қозыны, Б.Саршаев Қарабайды, М.Табанов Жантықты, М.Жұмағұлов Қодарды, Г.Батырғалиева Мақпалды, К.Сәдібекова Күнікейді сомдап, көрермендер қауымын терең толғандыра алды. Режиссер және деректі фильмнің майталманы ретінде "Қазақстан колхозының І сьезіне арнап "Колхоз болған", "Тракторшы қыздар", "Айтыс" және "Шұбартаудың оттары" т.б. деректі фильмдерін түсірді.  Қазақстан өнерінің әдебиет қайраткерлері "Мұхтар аға", "Біздің Күләш", "Қазақ театрының пионерлері", "Уақыт дауысы", "Бейімбет Маилин" т.б. тұлғалардың кинопортреттерін жасады. Б.Момышұлының 90 жылдығына орай "Ақиқат пен аңыз" фильмі жарық көрді. Белгілі жазушылар С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұршайықовтармен бірлесіп "Ботакөз", "Балуан Шолақ", "Мөлдір махаббат", "Мен Солдатпын" т.б. пьесалар жазды. Қазақ театры сахнасында Ш.Айтматовтың 70 жылдығына арнап қойылған Ш.Айтматовтың "Баламмен кездесу" атты әңгімесінің желісі бойынша "1941 жылдың құрбандары" атты пьеса жазды. М.Әуезов романының желісі бойынша 3 бөлімді "Абай жолы" сценарийін жазды. "Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері", "КСРО кинематографиясының үздігі" белгілерімен және "Еңбек ері", "Астанаға – 10 жыл", "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына 65 жыл", "Ленинге 110 жыл" т.б. медальдармен марапатталған.
19.02.2013 04:48 7711

Дүйсебаев Тұрар (9.6.1928 жылы туылған, Красногор ауданы) – режиссер. Ташкенттегі Н.Островский атындағы театр институтын бітірген. 1953-1956 жылдары Жамбыл облыстық драма театрының бас режиссері,  1956-1957 жылдары Гуревь облыстық музыкалық-драма театрының бас режиссері, 1958-1973 жылдары "Қазахфильм" киностудиясының  кинорежиссері, 1973-1983 жылдары Жамбыл олбыстық қазақ драма театрының директоры және режиссері, 1983-1988 жылдары Жамбыл облысы шығармашылық және мәдениет орталығының директоры қызметтерін атқарған. 1988 жылдан зейнеткер.
1992 жылдан бері «Тараз-Тұрарфильм» атты жеке киностудяның директоры.               3 кітаптың, 20-дан аса деректі, ғылыми-көпшілік фильмдердің, 40-тан аса пьесалардың, қойылымдар мен инсценировкалардың авторы, 7 көркем фильмнің, олардың ішінде Б.Соқпақбаевтың повесінің желісі бойынша түсірілген "Менің атым Қожа", "Апиын", "Жыртқыштар" фильмдерінің, қосымша "Сенің достарың", "Менің балам" фильмдерінде қоюшы-режиссері.
1965 жылы "Менің атым Қожа" фильмі үшін Францияның Кан қаласында өткен халықаралық кинофестивальде арнайы дипломмен марапатталған.
1953 жылы Ташкент қаласындағы өнер институтының режиссерлік факультетін бітірген жамбылдық жас талап Тұрар Дүйсебаев бас режиссерлік жұмысын туған жерден бастады. Ол Ш.Құсайыновтың «Есірткен ерке», Н.Баймұхамедов пен Қ.Жандарбековтың «Ер Тарғын», азербайжан драматургы У.Гаджибековтың «Аршин-малалан», К.Жантошевтің «Асауға бұғау», М.Хакимзаденің «Бай мен батырақ», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу», С. Мұқановтың «Ботакөз» шығармаларын және пьессаларын сахналап, өзіндік қолтаңба қалдыруға құштар екендігін көрсетті.
Т.Дүйсебаев облыстық театр тарихында тұңғыш рет балаларға арналған ертегі қойылымын дүниеге әкелді. Б.Гемрекели мен Г.Нахупришвилидің «Ержүрек Кикила туралы ертегі» пьессаларын шығарды. Француз драматургы Жан-Батист Мольердің «Скапеннің айласы» пъесасын да алғаш қоюға қол жеткізді. «Асауға бұғауда» Сырғаны Г.Батырғалиева, Бегайымды А.Ружева, Бораншыны Қ.Қайсабаев, Қапсалақты Б.Саршаев, хатшы қызды Н.Ниязалиева тартымды сомдаса, «Ер Тарғында» Ақжүністі А.Ружева, Ер Тарғынды Ш.Сәкиев, Қарт Қожақты Қ.Қасымбеков, Дананы Н.Досжанова, Жырауды Ш.Халықов, Қапан ханды И.Құлатаев, Саханды Сейдалы Әбілғазин бейнеледі.
Гүлжамал Батырғалиева «Есірткен еркеде» Гүлнафис, «Бай мен батырақта» Ходжаны, «Аршин-малаланда» Телли рөлдерін аса тартымды шығарып, есімі облыстың Құрмет кітабына жазылды. Ал Шәріпбай Сәкиев «Скапеннің айласында» Скапен, «Қыз Жібекте» Бекежан, «Ботакөзде» Итбай, «Бай мен батырақта»  Қадырқұл, «Аршин-малаланда» Сұлтанбек, «Есірткен еркеде» Жәкіш рөлдерін ерекше сомдап, КСРО Жоғарғы Советі Президиумының Жарлығымен «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалінің иегері атанды.
Т.Дүйсебаев Ғ. Мүсіреповтың "Қыз Жібек" музыкалық драмасы мен «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясын да өзінше қайта сахналады. Ж.Шәймерденова Қыз Жібек, Ш.Халықов Шеге, И.Құлатаев Төлеген, М.Табанов Базарбай, Н.Досжанова Қарлығаш, Г.Батырғалиева Қамқаны ойнап, спектакльдің жанрлық қуатын арттырса, трагедияда А.Ружева Баянды, Ташкенттен жоғары білім алып келген Ж.Шүленбаев Қозыны, Б.Саршаев Қарабайды, М.Табанов Жантықты, М.Жұмағұлов Қодарды, Г.Батырғалиева Мақпалды, К.Сәдібекова Күнікейді сомдап, көрермендер қауымын терең толғандыра алды.
Режиссер және деректі фильмнің майталманы ретінде "Қазақстан колхозының І сьезіне арнап "Колхоз болған", "Тракторшы қыздар", "Айтыс" және "Шұбартаудың оттары" т.б. деректі фильмдерін түсірді.  Қазақстан өнерінің әдебиет қайраткерлері "Мұхтар аға", "Біздің Күләш", "Қазақ театрының пионерлері", "Уақыт дауысы", "Бейімбет Маилин" т.б. тұлғалардың кинопортреттерін жасады. Б.Момышұлының 90 жылдығына орай "Ақиқат пен аңыз" фильмі жарық көрді.
Белгілі жазушылар С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұршайықовтармен бірлесіп "Ботакөз", "Балуан Шолақ", "Мөлдір махаббат", "Мен Солдатпын" т.б. пьесалар жазды. Қазақ театры сахнасында Ш.Айтматовтың 70 жылдығына арнап қойылған Ш.Айтматовтың "Баламмен кездесу" атты әңгімесінің желісі бойынша "1941 жылдың құрбандары" атты пьеса жазды. М.Әуезов романының желісі бойынша 3 бөлімді "Абай жолы" сценарийін жазды.
"Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері", "КСРО кинематографиясының үздігі" белгілерімен және "Еңбек ері", "Астанаға – 10 жыл", "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысына 65 жыл", "Ленинге 110 жыл" т.б. медальдармен марапатталған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға