Жаңалықтар

АҚШ-та президенттер күнін атап өтуде

АҚШ-та дүйсенбі, 18 ақпан күні Президенттер күнін атап өтуде, деп хабарлайды РИА Новости. Американың екі белгілі тұлғасы, лидері – Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольнді еске алуға арналған бұл мемлекеттік мереке ақпан айының үшінші дүйсенбісінде аталып өтеді. Мемлекеттік мереке Вашингтонның туған күні деп аталғанымен, ол көпшілікке Президенттер күні деген атаумен белгілі. Президенттер күні АҚШ-тың барлық азаматтары үшін демалыс күні болып саналады. Бұл күні шұғыл қызметтер мен мектептерді, қаржы орталықтарын қоспағанда барлық мемлекеттік және муниципиалдық мекемелер жабық болады, пошта қызметі істемейді. Мереке қарсаңында америкалық мектептердің тарихи тақырыптарға арналған, басты кейіпкерлері Линкольн мен Вашингтон болатын спектакльдер қоюы дәстүрге айналған. Сонымен қатар бұл күн қарсаңында бұқараға жағымды мемлекет басшысы туралы әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы жарияланып тұрады. BAQ.kz
18.02.2013 05:26 2577

АҚШ-та дүйсенбі, 18 ақпан күні Президенттер күнін атап өтуде, деп хабарлайды РИА Новости.
Американың екі белгілі тұлғасы, лидері – Джордж Вашингтон мен Авраам Линкольнді еске алуға арналған бұл мемлекеттік мереке ақпан айының үшінші дүйсенбісінде аталып өтеді. Мемлекеттік мереке Вашингтонның туған күні деп аталғанымен, ол көпшілікке Президенттер күні деген атаумен белгілі.
Президенттер күні АҚШ-тың барлық азаматтары үшін демалыс күні болып саналады. Бұл күні шұғыл қызметтер мен мектептерді, қаржы орталықтарын қоспағанда барлық мемлекеттік және муниципиалдық мекемелер жабық болады, пошта қызметі істемейді. Мереке қарсаңында америкалық мектептердің тарихи тақырыптарға арналған, басты кейіпкерлері Линкольн мен Вашингтон болатын спектакльдер қоюы дәстүрге айналған. Сонымен қатар бұл күн қарсаңында бұқараға жағымды мемлекет басшысы туралы әлеуметтік сауалнаманың қорытындысы жарияланып тұрады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға