Жаңалықтар

Күй

Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012   Күй – музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, К-лер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларына бүгінгі күндері бекем енген. К. – қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. Оның түркі тайпаларына ортақтығын тілге тиек еткен Қ. Жұбанов К. сөзінің түбірін “көк” атауымен байланыстырса, М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, кейінгі зерттеушілер де осы пікірді қайталап келеді. Ал, Қашқари сөздігінде ондай дерек тапшы. Түрік сөздігінде (“Древне-тюркский словарь”, М. – Л., 1969, 312-стр.) “көк” сөзінің 11 түрлі мағынасы берілген. Бірақ бірі де ән-күй ұғымымен байланыстырылмаған. Күй – аспаптық шығарма. Оның күрделі не қарапайым болуы құрылымына және қандай аспапқа арналуымен анықталады. Мыс., сыбызғы күйлері өте шағын. Олардың атаулары да көне. Сыбызғы күйлерінің дамыған кезеңі 15 – 18 ғ. деп шамалауға болады. Қобыз күйлерінің құрылымы күрделі болып келеді. Сонау Қорқыт Ата заманынан бастау алған бұл шығармаларды бізге жеткізген Ықылас болатын. “Қазан”, “Қорқыт”, “Ерден”, “Айрауықтың ащы күйі” секілді туындылардың құрылымы өзара ұқсас. “Кертолғау” да, “Қамбар батыр” да А-В-С-В-D деген құрылым түзейді. Осының өзі қобыз күйлерінің белгілі бір композициялық желіде жасалатынын білдіреді. Ал оның негізінде муз. аспаптың мүмкіндігіне негізделген көркем ойлау жүйесінің жататыны белгілі және муз. мақамының арқауында жалпы қобыз дәстүріне ортақ сарын бар. Қобыз күйлерінің тектестігін білдіретін белгілердің бірі осы. Домбыра күйлерінің муз. образдары, құрылымы, орындау ерекшеліктері өзгешелеу. А.В. Затаевич жазып алған “Ақсақ құлан”, “Ескендір” секілді шығармалар К. атауының аспаптық музыка үлгілеріне қолданылғанын айқындай түседі. Құрманғазының от-жалынды “Сарыарқасы”, Жантөренің “Шалқымасы”, Дәулеткерейдің нәзік сезімді “Қос алқа” күйлері домбыра шығармаларының алуан сипаттығын көрсетеді. Күйдің өзіндік жанрлық ерекшелігі бар. Әрбір шығарманың өз атауы бола тұрып, олар жалпы К. деп аталады. Күйлердің бәрі бірдей бағдарламалық болмаса да көпшілігінің тақырыптық-суреттемелік сипаты басым келеді. Қазақ күйлерінің жанрлық сипатқа ие болуы – 19 ғ. Осы кезеңде қазақ даласында Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, т.б. шоқтығы биік күйшілер көрініп, аспаптық музыкамызды классик. деңгейге көтерген-ді. Домбыра күйлерінің құрылымы монотақырыптық болып келеді. Олардың бәріне бірдей 2 – 3 бөлімді немесе еур. музыкаға тән рондо, рондо-вариациялық деген анықтамаларды қолдану тиімсіз. К. өзіне тән түрлік ерекшелікке ие. Домбыра шығармаларын “күй” деген түр аясында таныған ләзім. Рондоға тән А-В-А-С-А-D деген құрылымдық жүйені домбыра күйлерінен кездестіру қиын. Қазақ күйлері – дара құбылыс. Олардың арқауында монодиялық жүйеге құрылған монотақырыптық принцип жатыр. Мыс., Құрманғазының “Балбырауын” күйі бір муз. тақырыптың түрлі пернелік басқыштардағы үш рет қайталауына негізделген: А-А2-А2. Осыған жуық көріністі Дәулеткерейдің “Қос алқа” күйінен де байқауға болады. Қазақ күйлері өзінің табиғатына сай екі салаға жіктеліп жүр: төкпе және шертпе. Мұның негізінде күйлерді орындау ерекшелігі жатқаны анық. Батыс Қазақстанға тән К-дің орындауы жылдам, суреттейтін образдары да өзгеше. Ал оңт. аймақтарға тән шертпе күйлер терең сезімге, филос. толғауға құрылады. Шертпе күйдің өзі де жіктеледі. Мыс., Арқадағы Тәттімбет пен Созақтағы Сүгір, Төлеген Момбеков шығармаларының образдық әлемі әр түрлі. Бірінде майда мелизмдік өрнектер басым, бірінде жүрдек ой үстем. Қазақ күйлеріне байланысты “Көне күйлер”, “Халық күйлері”, “Көне күй-аңыздар” деген анықтамалар қолданылып келеді. Сол сияқты “мифологиялық күйлер”, “тарихи күйлер”, “психологиялық күйлер” деген тіркестер де бой көрсетіп жүр. Мұны жанрлық анықтама ретінде ұғыну артық. Айталық, “Шыңырау”, “Шұбар киік”, “Желмая”, “Назым”, “Байжұма”, “Бозінген”, “Кертолғау” шығармаларының мифологиялық сипаты неде? Қазақ күйлерінің табиғатынан туындайтын мұндай ерекшеліктерді А.Сейдімбек тармақты күйлер деп дұрыс көрсеткен. К. аңыздары – жеке фольклорлық жанр. Олардың белгілі бір шығармаға қатысы болса да, одан бөлек, өз алдына дами береді. Қазақ күйлері, негізінен, 4 – 5 интервалдарына негізделген. Бірақ Сүгір, Момбеков шығармаларында терция үндестігі де кездесіп келеді. Мұны К. дәстүрін дамытудың бір көрінісі ретінде қабылдаған жөн. Күй жанры қазақ композиторларының кәсіби шығармаларына да арқау болып келеді. Е.Г. Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Қ.Мусин, т.б. өз шығармаларына домбыра күйлерін арқау етіп алды. Тіпті, қазақ музыкасында симфониялық күй жанры да пайда болды. Кезінде қазақ күйлерін Н.Мясковский, А.Зильбер, т.б. орыс композиторлары да пайдаланған. Т. Қоңыратбай Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 10:47 18502

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

Күй – музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, К-лер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларына бүгінгі күндері бекем енген. К. – қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. Оның түркі тайпаларына ортақтығын тілге тиек еткен Қ. Жұбанов К. сөзінің түбірін “көк” атауымен байланыстырса, М.Қашқариға сілтеме жасай отырып, кейінгі зерттеушілер де осы пікірді қайталап келеді. Ал, Қашқари сөздігінде ондай дерек тапшы. Түрік сөздігінде (“Древне-тюркский словарь”, М. – Л., 1969, 312-стр.) “көк” сөзінің 11 түрлі мағынасы берілген. Бірақ бірі де ән-күй ұғымымен байланыстырылмаған. Күй – аспаптық шығарма. Оның күрделі не қарапайым болуы құрылымына және қандай аспапқа арналуымен анықталады. Мыс., сыбызғы күйлері өте шағын. Олардың атаулары да көне. Сыбызғы күйлерінің дамыған кезеңі 15 – 18 ғ. деп шамалауға болады. Қобыз күйлерінің құрылымы күрделі болып келеді. Сонау Қорқыт Ата заманынан бастау алған бұл шығармаларды бізге жеткізген Ықылас болатын. “Қазан”, “Қорқыт”, “Ерден”, “Айрауықтың ащы күйі” секілді туындылардың құрылымы өзара ұқсас. “Кертолғау” да, “Қамбар батыр” да А-В-С-В-D деген құрылым түзейді. Осының өзі қобыз күйлерінің белгілі бір композициялық желіде жасалатынын білдіреді. Ал оның негізінде муз. аспаптың мүмкіндігіне негізделген көркем ойлау жүйесінің жататыны белгілі және муз. мақамының арқауында жалпы қобыз дәстүріне ортақ сарын бар. Қобыз күйлерінің тектестігін білдіретін белгілердің бірі осы. Домбыра күйлерінің муз. образдары, құрылымы, орындау ерекшеліктері өзгешелеу. А.В. Затаевич жазып алған “Ақсақ құлан”, “Ескендір” секілді шығармалар К. атауының аспаптық музыка үлгілеріне қолданылғанын айқындай түседі. Құрманғазының от-жалынды “Сарыарқасы”, Жантөренің “Шалқымасы”, Дәулеткерейдің нәзік сезімді “Қос алқа” күйлері домбыра шығармаларының алуан сипаттығын көрсетеді. Күйдің өзіндік жанрлық ерекшелігі бар. Әрбір шығарманың өз атауы бола тұрып, олар жалпы К. деп аталады. Күйлердің бәрі бірдей бағдарламалық болмаса да көпшілігінің тақырыптық-суреттемелік сипаты басым келеді. Қазақ күйлерінің жанрлық сипатқа ие болуы – 19 ғ. Осы кезеңде қазақ даласында Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, т.б. шоқтығы биік күйшілер көрініп, аспаптық музыкамызды классик. деңгейге көтерген-ді. Домбыра күйлерінің құрылымы монотақырыптық болып келеді. Олардың бәріне бірдей 2 – 3 бөлімді немесе еур. музыкаға тән рондо, рондо-вариациялық деген анықтамаларды қолдану тиімсіз. К. өзіне тән түрлік ерекшелікке ие. Домбыра шығармаларын “күй” деген түр аясында таныған ләзім. Рондоға тән А-В-А-С-А-D деген құрылымдық жүйені домбыра күйлерінен кездестіру қиын. Қазақ күйлері – дара құбылыс. Олардың арқауында монодиялық жүйеге құрылған монотақырыптық принцип жатыр. Мыс., Құрманғазының “Балбырауын” күйі бір муз. тақырыптың түрлі пернелік басқыштардағы үш рет қайталауына негізделген: А-А2-А2. Осыған жуық көріністі Дәулеткерейдің “Қос алқа” күйінен де байқауға болады. Қазақ күйлері өзінің табиғатына сай екі салаға жіктеліп жүр: төкпе және шертпе. Мұның негізінде күйлерді орындау ерекшелігі жатқаны анық. Батыс Қазақстанға тән К-дің орындауы жылдам, суреттейтін образдары да өзгеше. Ал оңт. аймақтарға тән шертпе күйлер терең сезімге, филос. толғауға құрылады. Шертпе күйдің өзі де жіктеледі. Мыс., Арқадағы Тәттімбет пен Созақтағы Сүгір, Төлеген Момбеков шығармаларының образдық әлемі әр түрлі. Бірінде майда мелизмдік өрнектер басым, бірінде жүрдек ой үстем. Қазақ күйлеріне байланысты “Көне күйлер”, “Халық күйлері”, “Көне күй-аңыздар” деген анықтамалар қолданылып келеді. Сол сияқты “мифологиялық күйлер”, “тарихи күйлер”, “психологиялық күйлер” деген тіркестер де бой көрсетіп жүр. Мұны жанрлық анықтама ретінде ұғыну артық. Айталық, “Шыңырау”, “Шұбар киік”, “Желмая”, “Назым”, “Байжұма”, “Бозінген”, “Кертолғау” шығармаларының мифологиялық сипаты неде? Қазақ күйлерінің табиғатынан туындайтын мұндай ерекшеліктерді А.Сейдімбек тармақты күйлер деп дұрыс көрсеткен. К. аңыздары – жеке фольклорлық жанр. Олардың белгілі бір шығармаға қатысы болса да, одан бөлек, өз алдына дами береді. Қазақ күйлері, негізінен, 4 – 5 интервалдарына негізделген. Бірақ Сүгір, Момбеков шығармаларында терция үндестігі де кездесіп келеді. Мұны К. дәстүрін дамытудың бір көрінісі ретінде қабылдаған жөн. Күй жанры қазақ композиторларының кәсіби шығармаларына да арқау болып келеді. Е.Г. Брусиловский, А.Жұбанов, М.Төлебаев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, Қ.Мусин, т.б. өз шығармаларына домбыра күйлерін арқау етіп алды. Тіпті, қазақ музыкасында симфониялық күй жанры да пайда болды. Кезінде қазақ күйлерін Н.Мясковский, А.Зильбер, т.б. орыс композиторлары да пайдаланған.

Т. Қоңыратбай

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Бөкей Ордасы