Ерекше талант иесі – Айбек Таутаев (видео)
Дәулет ІЗБАСАРОВ, колледж оқытушысы:
- Екі қолмен сурет салудың тиімділігі аудиторияда отырған кезде қойылымда оң жақтан да, сол жақтан да болу мүмкін, сол кезде бір қолмен салатын балалар бұрылып қиналып қалады. Ал, Айбек еш қиындықсыз екі қолымен де сала береді.
Айбек ән жазады, өзі орындайды, би билейді оған қоса үздік оқушы. Балалық шағында жазуды сол қолмен бастап, педагог анасы оң қолмен жазып үйретіпті. Нәтижесінде екі қолымен де жазу жазып, сурет салады. Адам баласында екі қолмен бір мезгілде екі түрлі сурет салу қабілеті сирек кездеседі.
Айбек ТАУТАЕВ, студент:
- Басында сол қолыммен сурет салып жүрдім. Сосын екі қолмен салып көрейін ба деген ой туындады. Басында қиын болды. Себебі, көзбен көп жұмыс істеу керек болды. Қазір екі қолыммен де салып жүрмін. Ыңғайлы екендігін де түсіндім.
Ерекше қабілеті бар Айбек Таутаевтың ендігі арманы мультфильм жасау.