Жаңалықтар

Қазақ жазуы: төл дыбыс – төл әліпби

Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық унивеситетінің Еуразия Гуманитарлық Институтында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы мен Руханият орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ жазуы: төл дыбыс – төл әліпби» тақырыбында семинар өтті. Семинарды өткізудегі мақсат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауындағы: «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз 2025 жылдан бастап, әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс айқын  мәселе» деген идеясын жүзеге асыру қадамдары болатын. «Бүгінгі күні қазақ қоғамында латын әліпбиіне көшу мәселесі төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатқандығы баршаңызға мәлім. Латын әліпбиі бола ма, болмай ма, жарай ма, жарамай ма деген әңгімелерді доғаруымыз керек. Латын әліпбиі бізге керек», - деді Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешов. -Әлем бойынша 110-ға тарта мемлекет латын қарпінде, 42-43 мемлекет араб қарпінде, ал кириллицада бар болғаны 12 ел бар, соның бірі – біз. Түркі тілдес мемлекеттерден Қырғызстан мен Қазақстан. Сонда біз көппен бірге болуымыз керек пе, әлде азбен бірге болуымыз керек пе? Осы жағын да кішкене ойлануымыз керек. Бүгін біз ептеп қиналуымыз мүмкін, мұның бәрі өткінші. Алайда,  алдағы уақытта ұзақ жылдар бойы мұның шарапатын көреріміз анық, - деп сөзін сабақтады ол. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек Түркі кеңесі қабылдаған ортақ әліпбидің нұсқасын ұсынды. A a  F f  K k  Ö ö  Ü ü  Ә ә / Ää  G g  Q q  P p  V v  B b  Ğ ğ  L l  R r  W w  C c  H h  M m  S s  X x  Ç ç  I ı  N n  Ş ş /Š š Y y  D d İ i Ņ ŋ/Ň ň T t Z z E e  J j  O o  U u    Әлімхан Жүнісбек Абай жолының бірнеше сөйлемі мен Әнұранды латын қарпінде дайындап келген екен. Жиынға қатысқандар мәтінді еркін оқи алды. Üş kündik joldɪŋ bügingi, soŋǧɪ künine bala şәkirt barɪn saldɪ. Qorɪqtan kün şɪǧa atqa mineyik  dep asɪqqan-dɪ. Bunɪ qaladan alɪp qaytqalɪ barǧan aǧayɪnɪ Baytastɪ da taŋ atar-atpasta özi oyatɪp turǧɪzɪp edi. MENIŅ  ELIM Altɪn kün aspanɪ, Altɪn dәn dalasɪ, Erliktiŋ dastanɪ, Elime qaraşɪ! Ejelden er degen, Daŋqɪmɪz şɪqtɪ ǧoy, Namɪsɪn bermegen, Qazaǧɪm mɪqtɪ ǧoy! Meniŋ elim, meniŋ elim, Güliŋ bolɪp egilemin, Jɪrɪŋ bolɪp tögilemin, elim! Tuwǧan jerim meniŋ – Qazaqstanɪm! Астана қаласының ресми сайты astana.kz
16.02.2013 15:33 7590

Астана қаласындағы Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық унивеситетінің Еуразия Гуманитарлық Институтында Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы мен Руханият орталығының ұйымдастыруымен «Қазақ жазуы: төл дыбыс – төл әліпби» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды өткізудегі мақсат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына арнаған соңғы Жолдауындағы: «Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз 2025 жылдан бастап, әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс айқын  мәселе» деген идеясын жүзеге асыру қадамдары болатын.

«Бүгінгі күні қазақ қоғамында латын әліпбиіне көшу мәселесі төңірегінде қызу пікірталас жүріп жатқандығы баршаңызға мәлім. Латын әліпбиі бола ма, болмай ма, жарай ма, жарамай ма деген әңгімелерді доғаруымыз керек. Латын әліпбиі бізге керек», - деді Тілдерді дамыту басқармасының бастығы Ербол Тілешов.

-Әлем бойынша 110-ға тарта мемлекет латын қарпінде, 42-43 мемлекет араб қарпінде, ал кириллицада бар болғаны 12 ел бар, соның бірі – біз. Түркі тілдес мемлекеттерден Қырғызстан мен Қазақстан. Сонда біз көппен бірге болуымыз керек пе, әлде азбен бірге болуымыз керек пе? Осы жағын да кішкене ойлануымыз керек. Бүгін біз ептеп қиналуымыз мүмкін, мұның бәрі өткінші. Алайда,  алдағы уақытта ұзақ жылдар бойы мұның шарапатын көреріміз анық, - деп сөзін сабақтады ол.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбек Түркі кеңесі қабылдаған ортақ әліпбидің нұсқасын ұсынды.

A a 

F f 

K k 

Ö ö 

Ü ü 

Ә ә / Ää 

G g 

Q q 

P p 

V v 

B b 

Ğ ğ 

L l 

R r 

W w 

C c 

H h 

M m 

S s 

X x 

Ç ç 

I ı 

N n 

Ş ş /Š š

Y y 

D d

İ i

Ņ ŋ/Ň ň

T t

Z z

E e 

J j 

O o 

U u 

 

Әлімхан Жүнісбек Абай жолының бірнеше сөйлемі мен Әнұранды латын қарпінде дайындап келген екен. Жиынға қатысқандар мәтінді еркін оқи алды.

Üş kündik joldɪŋ bügingi, soŋǧɪ künine bala şәkirt barɪn saldɪ.

Qorɪqtan kün şɪǧa atqa mineyik  dep asɪqqan-dɪ. Bunɪ qaladan alɪp qaytqalɪ barǧan aǧayɪnɪ Baytastɪ da taŋ atar-atpasta özi oyatɪp turǧɪzɪp edi.

MENIŅ  ELIM

Altɪn kün aspanɪ,

Altɪn dәn dalasɪ,

Erliktiŋ dastanɪ,

Elime qaraşɪ!

Ejelden er degen,

Daŋqɪmɪz şɪqtɪ ǧoy,

Namɪsɪn bermegen,

Qazaǧɪm mɪqtɪ ǧoy!

Meniŋ elim, meniŋ elim,

Güliŋ bolɪp egilemin,

Jɪrɪŋ bolɪp tögilemin, elim!

Tuwǧan jerim meniŋ – Qazaqstanɪm!

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға