Жаңалықтар

Астана жастары «ТОҚТА-ҚАР» атты акция өткізді

Бүгін Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Ильинка» елді-мекенінде сенбілік өткізді. Сенбіліктің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қала тазалығын сақтауға үндеу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін  арттыру. Аталған сенбілікте жастар Астананың су басу қаупі бар аумақтарын қардан тазартты. Ол үшін 500-ге жуық жастар жиналып, 50-ден астам техника жұмылдырылды, - деп хабарлайды басқармадан.  Сондай-ақ, бұл сенбілікті қала жастарының халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қосқан өзіндік үлесі десе де болады. Өйткені,  сенбілікке жиналған жастар «Баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану – ең алдымен табиғатты қорғау, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуден басталады» деп отыр. Сарыарқаның самал желі мен Есілдің суын баламалы негізде  энергия көзі ретінде пайдаланудан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай іс-шараларды жиі өткізуді мақсат тұтады. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
16.02.2013 15:28 3555

Бүгін Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Ильинка» елді-мекенінде сенбілік өткізді. Сенбіліктің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, қала тазалығын сақтауға үндеу, Отанға деген сүйіспеншіліктерін  арттыру.

Аталған сенбілікте жастар Астананың су басу қаупі бар аумақтарын қардан тазартты. Ол үшін 500-ге жуық жастар жиналып, 50-ден астам техника жұмылдырылды, - деп хабарлайды басқармадан. 

Сондай-ақ, бұл сенбілікті қала жастарының халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қосқан өзіндік үлесі десе де болады. Өйткені,  сенбілікке жиналған жастар «Баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану – ең алдымен табиғатты қорғау, қоршаған ортаға деген көзқарасты өзгертуден басталады» деп отыр. Сарыарқаның самал желі мен Есілдің суын баламалы негізде  энергия көзі ретінде пайдаланудан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта мұндай іс-шараларды жиі өткізуді мақсат тұтады.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға