Жаңалықтар

Челябинскіге түскен метеорит Қазақстан аспанында да шарлап өткен

Ресейдің Челябинск облысына жауған метеорит жаңбыры Қазақстан аспанында да көрінген. Бұл туралы Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Евгений Батов мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9 шамасында Қостанай облысының аспанында жарқ еткен от пайда болған. Соңынан ирелеңдеген із қалдырып өткен ұсақ метеорит бөлшектері Ресейге қарай шашыраған.  Департаменттің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ, ғимараттардың қирау фактісі де анықталмаған. «Қостанай тұрғындары аспанда тек жалындаған шар тәрізес құбылысты байқаған. Жарқылдан соң, аспанда реактивті ұшақтан қалатын із тәріздес жолақ қалған көрінген. Челябинск облысының ТЖМ-нің бас басқармасымен тілдескенімде, метеордың сол қалаға түскенін естідім»,- деп толықтырды Батов. «Метеорит Меңдіқара ауданының аспанын ұшып өтіп, Қостанайдың солтүстік бөлігі арқылы Қарабалық ауданына қарай беттеген. Аудан аспанын шарлап өтіп, Челябинск облысына түскен. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, метеорит жаңбыры салдарынан қаладағы бірнеше тұрғын үйлердің терезелері сынған. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Челябинск облысында метеорит жаңбыры жауған болатын. Нәтижесінде, Челябинск облысының Сатка қаласындағы тұрғын үйлер мен мемелекеттік мекемелердің терезелері сынып, оқиғадан зардап шеккен адамдардың, мәселен, бірнеше мектеп оқушыларының бар екені анықталды. BAQ.kz
15.02.2013 10:49 3508

Ресейдің Челябинск облысына жауған метеорит жаңбыры Қазақстан аспанында да көрінген. Бұл туралы Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Евгений Батов мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9 шамасында Қостанай облысының аспанында жарқ еткен от пайда болған. Соңынан ирелеңдеген із қалдырып өткен ұсақ метеорит бөлшектері Ресейге қарай шашыраған.  Департаменттің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, оқиғадан зардап шеккендер жоқ, сондай-ақ, ғимараттардың қирау фактісі де анықталмаған.

«Қостанай тұрғындары аспанда тек жалындаған шар тәрізес құбылысты байқаған. Жарқылдан соң, аспанда реактивті ұшақтан қалатын із тәріздес жолақ қалған көрінген. Челябинск облысының ТЖМ-нің бас басқармасымен тілдескенімде, метеордың сол қалаға түскенін естідім»,- деп толықтырды Батов.
«Метеорит Меңдіқара ауданының аспанын ұшып өтіп, Қостанайдың солтүстік бөлігі арқылы Қарабалық ауданына қарай беттеген. Аудан аспанын шарлап өтіп, Челябинск облысына түскен. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, метеорит жаңбыры салдарынан қаладағы бірнеше тұрғын үйлердің терезелері сынған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Челябинск облысында метеорит жаңбыры жауған болатын. Нәтижесінде, Челябинск облысының Сатка қаласындағы тұрғын үйлер мен мемелекеттік мекемелердің терезелері сынып, оқиғадан зардап шеккен адамдардың, мәселен, бірнеше мектеп оқушыларының бар екені анықталды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға