Жаңалықтар

Бөгембай Ақшаұлы

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   БӨГЕМБАЙ Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай, кейбір әдебиеттерде Бөгенбай (1680, Қаратау бөктеріндегі Бөген өз. бойы — 1775, кейбір деректерде 1776, 1778, Ақмола обл. Ерейментау ауд. Қоржынкөл к. маңы) — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. 18 ғ-дағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап “Қанжығалы қарт Бөгембай” деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Б. батыр 77 жаста болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан. Батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған. Б. 1708 ж. (кейбір деректерде 1709 ж.) Әз Тәукенің бұйрығымен 30 мың жасақты бастап, қазақ елінің берекесін ала бастаған казак-орыстарды түре қуып, Еділден әрі асырып тастағаны туралы деректер бар. Осы ұрыста Б. алғаш рет ерлігімен көзге түсті. Б. жоңғарларға қарсы 100-ден астам шайқасқа қатысқан. “Қазақтың қамал-қорғаны” (Бұқар жырау) баїадүр Б. қазақ халқының Абылай хан бастаған ұзақ жылдарғы ұлт бірлігі үшін күресінің ұйытқысы болды. 1710 ж. Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының құрылтайында бүкілқазақтық жасақ құрып, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру жоспары талқыланды, бұл жиында көшіп кетіп жан сақтауды ұсынғандар да болды, бірақ “сол кезде ерлігімен әйгілі болған рубасы Бөгембай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды”. Осы құрылтайда Б. батыр үш жүздің бас сардары болып сайланды. 1726 ж. Б. бастаған қазақ қолы Бұланты өз. бойында қалмақтарға қарсы күйрете соққы берді. 1727 ж. көктемде Қожаберген басқарған қазақ-татар жасағымен тізе қосып, Б. бастаған қазақ-ноғай-қарақалпақтың біріккен әскері Нияз, Аюлы тауларының етегінде жоңғарлармен болған шайқаста жеңіске жетті. “Аңырақай шайқасында” Орта жүз қолын басқарған Б. батыр Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, т.б-мен тізе қоса отырып, қазақ елінің тұтастығын сақтап қалуда ерекше ерлік көрсетті. Б. Жайық, Ойыл, Жем өзендері бойы мен Ерейментау, Қарқаралы, Аягөз, Түркістан, Шу бойы, Жетісу өңірі, Қырғыз жерлеріндегі, т.б. шайқастарда қол бастаған. 1756 — 58 ж. бірінші рет Шығыс Түркістанға келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында қытай әскеріне қатты соққы беріп, оларды Үрімжіден асыра қуды. Б. жасы ұлғайған шағында ауырып қайтыс болған. Мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерлеу үшін батырдың денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған. 1776 ж. көктемде баласы Тұраналы мен қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы бастаған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерлеген. Б. батырдың денесі сөреге қойылған жер бүгінге дейін Ереймен өңірінде “Бөгембай сөресі” деп аталады. Б. батырдың ерлігін Қожаберген жырау “Елім-ай” атты тарихи дастанында жырлап, “Ер Бөгембай” аталатын қисса арнаған. Бұқар, Үмбетей, керей Жанкісі, Сегіз сері Шақшақұлы Б. туралы дастандар шығарған. Б. батырдың баласы Тұраналы, немересі Бапан би, оның баласы Сәбден (Саққұлақ би) де өз заманында атақты адамдар болған. 1991 ж. Астана — Павлодар, Ерейментау — Павлодар тоғысқан жол торабында Б. батырға арнап ескерткіш орнатылды. Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том
08.11.2012 10:38 5485

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

БӨГЕМБАЙ Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай, кейбір әдебиеттерде Бөгенбай (1680, Қаратау бөктеріндегі Бөген өз. бойы — 1775, кейбір деректерде 1776, 1778, Ақмола обл. Ерейментау ауд. Қоржынкөл к. маңы) — қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. 18 ғ-дағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап “Қанжығалы қарт Бөгембай” деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Б. батыр 77 жаста болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан. Батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған. Б. 1708 ж. (кейбір деректерде 1709 ж.) Әз Тәукенің бұйрығымен 30 мың жасақты бастап, қазақ елінің берекесін ала бастаған казак-орыстарды түре қуып, Еділден әрі асырып тастағаны туралы деректер бар. Осы ұрыста Б. алғаш рет ерлігімен көзге түсті. Б. жоңғарларға қарсы 100-ден астам шайқасқа қатысқан. “Қазақтың қамал-қорғаны” (Бұқар жырау) баїадүр Б. қазақ халқының Абылай хан бастаған ұзақ жылдарғы ұлт бірлігі үшін күресінің ұйытқысы болды.

1710 ж. Қарақұмда өткен үш жүз қазақтарының құрылтайында бүкілқазақтық жасақ құрып, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру жоспары талқыланды, бұл жиында көшіп кетіп жан сақтауды ұсынғандар да болды, бірақ “сол кезде ерлігімен әйгілі болған рубасы Бөгембай мұндай әрекеттердің бәрін тыйды”. Осы құрылтайда Б. батыр үш жүздің бас сардары болып сайланды. 1726 ж. Б. бастаған қазақ қолы Бұланты өз. бойында қалмақтарға қарсы күйрете соққы берді. 1727 ж. көктемде Қожаберген басқарған қазақ-татар жасағымен тізе қосып, Б. бастаған қазақ-ноғай-қарақалпақтың біріккен әскері Нияз, Аюлы тауларының етегінде жоңғарлармен болған шайқаста жеңіске жетті. “Аңырақай шайқасында” Орта жүз қолын басқарған Б. батыр Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жәнібек, керей Жәнібек, т.б-мен тізе қоса отырып, қазақ елінің тұтастығын сақтап қалуда ерекше ерлік көрсетті. Б. Жайық, Ойыл, Жем өзендері бойы мен Ерейментау, Қарқаралы, Аягөз, Түркістан, Шу бойы, Жетісу өңірі, Қырғыз жерлеріндегі, т.б. шайқастарда қол бастаған. 1756 — 58 ж. бірінші рет Шығыс Түркістанға келген қытай әскерімен болған әйгілі Талқы соғысында қытай әскеріне қатты соққы беріп, оларды Үрімжіден асыра қуды. Б. жасы ұлғайған шағында ауырып қайтыс болған. Мәйітін Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерлеу үшін батырдың денесін таза арулап, былғарыға орап, қыс бойы сөреге қойып сақтаған. 1776 ж. көктемде баласы Тұраналы мен қанжығалы Айтбай Аткелтірұлы бастаған елдің игі жақсылары батырдың сүйегін нарға теңдеп, Түркістанға жеткізіп, Қожа Ахмет Иасауи мешітіне жерлеген. Б. батырдың денесі сөреге қойылған жер бүгінге дейін Ереймен өңірінде “Бөгембай сөресі” деп аталады. Б. батырдың ерлігін Қожаберген жырау “Елім-ай” атты тарихи дастанында жырлап, “Ер Бөгембай” аталатын қисса арнаған. Бұқар, Үмбетей, керей Жанкісі, Сегіз сері Шақшақұлы Б. туралы дастандар шығарған. Б. батырдың баласы Тұраналы, немересі Бапан би, оның баласы Сәбден (Саққұлақ би) де өз заманында атақты адамдар болған. 1991 ж. Астана — Павлодар, Ерейментау — Павлодар тоғысқан жол торабында Б. батырға арнап ескерткіш орнатылды.

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Алдыңғы жаңалық
Өнер