Жаңалықтар

БОКС: Қазақстан – Әзірбайжан 9:1

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада өтіп жатқан 4 елдің жолдастық кездесуінде Әзірбайжан құрамасынан 9:1 есебімен басым түсті. Жерлестеріміз сапынан тек 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Антон Пинчук жеңіліп қалды.  Ең бірінші болып 49 келіде шаршы алаңға шыққан Біржан Жақыпов әзірбайжандық Мұнасиб Мамедовпен жұдырық түйістірді. Рингте ширақ қимылдаған Біржан қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырған жоқ. Төрешілер осылайша бірауыздан жеңісті Жақыповқа ұстатты. Мұнан кейінгі салмақтарда Ілияс Сүлейменов Меликов Камранды (52 келі) жеңді. 56 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз Қайрат Ералиев Ағаев Илкиннен басым түссе, Берік Әбдірахманов Шахпалангов Шабанды тізе бүктірді (60 келі). Сонымен қатар, Мерей Ақшалов (64 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және аса ауыр салмақтағы Иван Дычколар бұл кездесуде айқын жеңіске жете білді. Тек 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Антон Пинчук небәрі бір ұпаймен Әзірбайжаннан келген Тимур Мамедовке есе жіберді. Ертең ұлттық құрамамыз өзбекстандық боксшылармен күш сынасады. Жекпе жек Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде сағат 17.00-де басталады. Дәл осы күні сағат 14.00-де Украина мен Әзірбайжан құрамалары өзара мықтыны анықтайтын болады. Серғали Балажан BAQ.kz
14.02.2013 16:47 3687

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада өтіп жатқан 4 елдің жолдастық кездесуінде Әзірбайжан құрамасынан 9:1 есебімен басым түсті. Жерлестеріміз сапынан тек 91 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Антон Пинчук жеңіліп қалды. 
Ең бірінші болып 49 келіде шаршы алаңға шыққан Біржан Жақыпов әзірбайжандық Мұнасиб Мамедовпен жұдырық түйістірді. Рингте ширақ қимылдаған Біржан қарсыласына ешқандай мүмкіндік қалдырған жоқ. Төрешілер осылайша бірауыздан жеңісті Жақыповқа ұстатты.
Мұнан кейінгі салмақтарда Ілияс Сүлейменов Меликов Камранды (52 келі) жеңді. 56 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін жерлесіміз Қайрат Ералиев Ағаев Илкиннен басым түссе, Берік Әбдірахманов Шахпалангов Шабанды тізе бүктірді (60 келі). Сонымен қатар, Мерей Ақшалов (64 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Жәнібек Әлімханұлы (75 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі) және аса ауыр салмақтағы Иван Дычколар бұл кездесуде айқын жеңіске жете білді. Тек 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Антон Пинчук небәрі бір ұпаймен Әзірбайжаннан келген Тимур Мамедовке есе жіберді.
Ертең ұлттық құрамамыз өзбекстандық боксшылармен күш сынасады. Жекпе жек Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде сағат 17.00-де басталады. Дәл осы күні сағат 14.00-де Украина мен Әзірбайжан құрамалары өзара мықтыны анықтайтын болады.

Серғали Балажан

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға