Жаңалықтар

Вьетнамда Абай орталығы ашылды

Жақында дөңгелек дүниенің сонау оңтүстік-шығыс қиырында жатқан Вьетнам жерінде ұлтымыздың тарихы мен бүгінгі жетістіктерін, биік мәдениеті мен ғылымын насихаттайтын айрықша мәні бар рухани шаңырақ бой көтерді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, академик С.Ж.Пірәлиев пен Ханой Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Нгуен Вьет Тхинь мырзалардың бастамасымен екі оқу орны арасындағы мәдени және оқу-әдістемелік, ғылыми байланыстар орнату жөніндегі келісім-шартқа сәйкес Ханой қаласында Абай атындағы мәдени және ғылыми орталық өз жұмысын бастады. Бұл жайлы Қазақстан Жазушылар Одағының сайты хабарлады. Абай орталығының салтанатты ашылу рәсімінде Ханой Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Минь мырза, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры, профессор М.Е.Ер­мағанбетов мырза сөз сөйлеп, мерекелік лентаны қиды. Сондай-ақ орталықты ашу салтанатына филология факультетінің деканы, профессор Б.Әбдіғазиұлы, профессор­лар С.Б.Бегалиева мен Т.Айтқазиналар қатысты. Шаңырақ көтерген жаңа орталықтың басты мақсаты – Вьетнам жұртшылығына ұлы Абай есімі арқылы қазақ халқының рухани болмысы, әдебиеті мен мәдениеті, ғы­лы­мы мен білімі жөнінде кеңінен мағлұмат беру. Алдағы уа­қыт­та екі ел ғалымдарының бірлескен ғы­лыми жобаларын жүзеге асыру, университеттер арасында оқытушылар мен студенттер алмасу, арнайы топтарда вьетнам студент­теріне қазақ және орыс тілдерін үйрететін курстар ашу, лекциялық сабақтар, түрлі көрмелер ұйымдастыру да жоспарлануда. Бұл шаралардың барлығы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғалым-профессорларының күшімен жүзеге аспақ. Вьетнам топырағында шаңырақ көтерген бұл отау Абай мұраларын насихаттау, таныстыру мақсатында ашылып отыр­ған екінші орталық. Бұдан бұрын көрші Қытай Халық Рес­публикасының Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық уни­верситетінде осындай Абай орталығы ашылған болатын. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық уни­вер­­ситетінің ұжымы болашақта мұндай орталықтарды Түркия, Ресей, т.б. елдерден де ашпақ ниетте. BAQ.kz
14.02.2013 11:46 3248

Жақында дөңгелек дүниенің сонау оңтүстік-шығыс қиырында жатқан Вьетнам жерінде ұлтымыздың тарихы мен бүгінгі жетістіктерін, биік мәдениеті мен ғылымын насихаттайтын айрықша мәні бар рухани шаңырақ бой көтерді. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, академик С.Ж.Пірәлиев пен Ханой Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Нгуен Вьет Тхинь мырзалардың бастамасымен екі оқу орны арасындағы мәдени және оқу-әдістемелік, ғылыми байланыстар орнату жөніндегі келісім-шартқа сәйкес Ханой қаласында Абай атындағы мәдени және ғылыми орталық өз жұмысын бастады. Бұл жайлы Қазақстан Жазушылар Одағының сайты хабарлады.
Абай орталығының салтанатты ашылу рәсімінде Ханой Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Минь мырза, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры, профессор М.Е.Ер­мағанбетов мырза сөз сөйлеп, мерекелік лентаны қиды. Сондай-ақ орталықты ашу салтанатына филология факультетінің деканы, профессор Б.Әбдіғазиұлы, профессор­лар С.Б.Бегалиева мен Т.Айтқазиналар қатысты.
Шаңырақ көтерген жаңа орталықтың басты мақсаты – Вьетнам жұртшылығына ұлы Абай есімі арқылы қазақ халқының рухани болмысы, әдебиеті мен мәдениеті, ғы­лы­мы мен білімі жөнінде кеңінен мағлұмат беру. Алдағы уа­қыт­та екі ел ғалымдарының бірлескен ғы­лыми жобаларын жүзеге асыру, университеттер арасында оқытушылар мен студенттер алмасу, арнайы топтарда вьетнам студент­теріне қазақ және орыс тілдерін үйрететін курстар ашу, лекциялық сабақтар, түрлі көрмелер ұйымдастыру да жоспарлануда.
Бұл шаралардың барлығы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ғалым-профессорларының күшімен жүзеге аспақ.
Вьетнам топырағында шаңырақ көтерген бұл отау Абай мұраларын насихаттау, таныстыру мақсатында ашылып отыр­ған екінші орталық. Бұдан бұрын көрші Қытай Халық Рес­публикасының Құлжа қаласындағы Іле педагогикалық уни­верситетінде осындай Абай орталығы ашылған болатын.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық уни­вер­­ситетінің ұжымы болашақта мұндай орталықтарды Түркия, Ресей, т.б. елдерден де ашпақ ниетте.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға