Жаңалықтар

7 наурыздан бастап ел кинотеатрларында «Бір кем дүние» атты жаңа фильм көрсетіледі

Наурыз айында көрерменге жаңа қазақ киносы – «Бір кем дүние» жол тартады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы хабарлады. «Жаңа туындыға Мұсылмандар басқармасының қандай қатысы бар» деген заңды сауал туындауы мүмкін. Киноны тамашалаған соң бұл сұраққа оп-оңай жауап табылады. Жаңа туынды қасиетті Қажылықты аңсаған қазақ қариясының өмірі, асыл дініміз исламдағы ар мен адал еңбектің бағасы жайлы ой тастайды. «Фильмнің продюсері һәм сценариін жазған белгілі журналист Орынбасар Балтабайұлы, ал қоюшы режиссері Төлеген Бейсет. Басты рөлдерде – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Оразхан Сәдуақасұлы, Шолпан Сіргебаева, белгілі актерлер - Азамат Сатыпалды, Жалғас Толғанбай, т.б.», - делінген дереккөзінде. Киноның қысқаша мазмұнына тоқталсақ, фильм ешкімнің ала жібін аттамаған Мұса ақсақалдың өмірінен сыр шертеді. Қолөнер шебері құдай қосқан қосағы Нұржібекпен бірге табанды еңбек етеді. Баласы мен келіні қалада жұмыс істейді. Ақсақалдың арманы – қасиетті мекен – Мекке қаласына сапар шегіп, қажылығын өтеу. Тапқан-таянғанын «үй банкісі» – қара жәшікке салады. Кемпірі де қарап жүрмей, сүт сатып, тиын жинайды. Ғұмыр бойы жинаған ақшасын алып, Қажылыққа аттанған қарттың алдында талай-талай қиындық күтіп тұрған еді... Мына «бір кем дүние» Мұса ақсақал мен жарына қандай сынақ дайындағанына куә болғыңыз келсе, 7 наурыздан бастап отандық кинотеатрларда осы фильмге билет алыңыз. Кенжекей Тоқтамұрат
14.02.2013 10:29 2950

Наурыз айында көрерменге жаңа қазақ киносы – «Бір кем дүние» жол тартады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы хабарлады.

«Жаңа туындыға Мұсылмандар басқармасының қандай қатысы бар» деген заңды сауал туындауы мүмкін. Киноны тамашалаған соң бұл сұраққа оп-оңай жауап табылады.

Жаңа туынды қасиетті Қажылықты аңсаған қазақ қариясының өмірі, асыл дініміз исламдағы ар мен адал еңбектің бағасы жайлы ой тастайды.

«Фильмнің продюсері һәм сценариін жазған белгілі журналист Орынбасар Балтабайұлы, ал қоюшы режиссері Төлеген Бейсет. Басты рөлдерде – ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Оразхан Сәдуақасұлы, Шолпан Сіргебаева, белгілі актерлер - Азамат Сатыпалды, Жалғас Толғанбай, т.б.», - делінген дереккөзінде.

Киноның қысқаша мазмұнына тоқталсақ, фильм ешкімнің ала жібін аттамаған Мұса ақсақалдың өмірінен сыр шертеді. Қолөнер шебері құдай қосқан қосағы Нұржібекпен бірге табанды еңбек етеді. Баласы мен келіні қалада жұмыс істейді. Ақсақалдың арманы – қасиетті мекен – Мекке қаласына сапар шегіп, қажылығын өтеу. Тапқан-таянғанын «үй банкісі» – қара жәшікке салады. Кемпірі де қарап жүрмей, сүт сатып, тиын жинайды. Ғұмыр бойы жинаған ақшасын алып, Қажылыққа аттанған қарттың алдында талай-талай қиындық күтіп тұрған еді... Мына «бір кем дүние» Мұса ақсақал мен жарына қандай сынақ дайындағанына куә болғыңыз келсе, 7 наурыздан бастап отандық кинотеатрларда осы фильмге билет алыңыз.

Кенжекей Тоқтамұрат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға