Хош иісті гүлдер фестивалі басталды (видео)
Вьетнамның оңтүстігіндегі Хошимин қаласында гулдер фестивалі басталды. Шара шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырлып отыр. Жергілікті саябақтардың бірінде өткізілген жоба барысында гүлден жасалған керемет туындылар жарық көрді. Флорист мамандар 6 қатардан тұратын 900 метрлік аумақты безендіру үшін 3 күн аянбай еңбек етіпті. Хоанг Нган есімді ұйымдастырушының бірі фестивальде орхидея гүлдері көп қолданылғандығын айтады. Шараны тамашалауға әлемнің түкпір-түкпірінен саяхатшылар ағылуда. Вьетнам тропикалық мемлекет болғандықтан ел аумағында 100 мыңнан астам гүл түрі өседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

