Жаңалықтар

Ең жомарт американдықтардың рейтингісі

The Chronicle of Philanthropy журналы құрастырған ең жомарт американдықтардың рейтингісі жарияланды, деп хабарлады, Деньги.ua сайты. Рейтингі тізімін әлемдегі ең дәулетті адамның бірі, инвестор Уоррен Баффет бастады. 2012 жылы ол қайырымдылық шараларына 3,1 млрд. доллар жұмсаған. Баффеттің үш қайырымдылық қоры ауыл шаруашылығын дамыту, таза сумен қамтамасыз ету, кедейшілікпен күрес, әйелдердің құқығын қорғау және білім салаларындағы бағдарламалармен айналысады.   Рейтингінің екінші жолына   Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның зайыбы Присцилла Чан орналасты. Олар білім беру және денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 498,8 млн. доллар жұмсады. Үшінші орынға табиғи газ сатумен айналысатын  Centaurus Energy хедж-қорының негізін қалаушы Джон Арнольд пен оның зайыбы Лаура шықты. Ерлі-зайыптылар қылмыстық әділетті, мемлекеттік білім беру және зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламаларына 423,4 млн. доллар қаржы салды. Төртінші орын ми қызметін  және жүйке ауруларының себептерін зерттеумен айналысатын Ми туралы ғылым институтының негізін қалаған  Microsoft компаниясының негізін құрушылардың бірі Пол Алленге бұйырды, ол осы қайырымдылық қызметіне 309,1 млн. доллар қаржы құйған. Көшбасшы бестікті Google негізін қалаушылардың бірі Сергей Брин мен оның әйелі Энн Войчицки тұйықтап тұр . Олар білім беру, қоршаған ортаны қорғау, әйелдердің құқығын қорғау саласында жұмыс істейтін әлеуметтік кәсіпкерлердің бағдарламалары гранттарына 222,9 млн. доллар қаржы бөлген. Бұдан бұрын Forbes 15 позициядан тұратын әлемнің ең бай монархтарының рейтингісін құрастырғаны хабарланған болатын, солардың ішіндегі 7-уі Парсы шығанағы елдерінен шыққан. BAQ.kz
14.02.2013 03:14 2550

The Chronicle of Philanthropy журналы құрастырған ең жомарт американдықтардың рейтингісі жарияланды, деп хабарлады, Деньги.ua сайты.

Рейтингі тізімін әлемдегі ең дәулетті адамның бірі, инвестор Уоррен Баффет бастады. 2012 жылы ол қайырымдылық шараларына 3,1 млрд. доллар жұмсаған. Баффеттің үш қайырымдылық қоры ауыл шаруашылығын дамыту, таза сумен қамтамасыз ету, кедейшілікпен күрес, әйелдердің құқығын қорғау және білім салаларындағы бағдарламалармен айналысады.  

Рейтингінің екінші жолына   Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның зайыбы Присцилла Чан орналасты. Олар білім беру және денсаулық сақтау бағдарламаларын қолдауға 498,8 млн. доллар жұмсады.

Үшінші орынға табиғи газ сатумен айналысатын  Centaurus Energy хедж-қорының негізін қалаушы Джон Арнольд пен оның зайыбы Лаура шықты. Ерлі-зайыптылар қылмыстық әділетті, мемлекеттік білім беру және зейнетақы жүйесін дамыту бағдарламаларына 423,4 млн. доллар қаржы салды.

Төртінші орын ми қызметін  және жүйке ауруларының себептерін зерттеумен айналысатын Ми туралы ғылым институтының негізін қалаған  Microsoft компаниясының негізін құрушылардың бірі Пол Алленге бұйырды, ол осы қайырымдылық қызметіне 309,1 млн. доллар қаржы құйған.

Көшбасшы бестікті Google негізін қалаушылардың бірі Сергей Брин мен оның әйелі Энн Войчицки тұйықтап тұр . Олар білім беру, қоршаған ортаны қорғау, әйелдердің құқығын қорғау саласында жұмыс істейтін әлеуметтік кәсіпкерлердің бағдарламалары гранттарына 222,9 млн. доллар қаржы бөлген.

Бұдан бұрын Forbes 15 позициядан тұратын әлемнің ең бай монархтарының рейтингісін құрастырғаны хабарланған болатын, солардың ішіндегі 7-уі Парсы шығанағы елдерінен шыққан.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға