Жаңалықтар

Оңтүстікте бәйшешектер гүлдеді

Оңтүстік Қазақстан облысында бәйшешектер гүлдей бастады. Көктем гүлінінің көптігі сонша олар қыр беткейі мен жол жиектерін тұтас жауып кеткен. Аймақта алғашқы бәйшешектер ақпан айының басында пайда болыпты. Бірақ, күннің күрт қайта суытуына байланысты гүлдер бүрісіп қалған. Енді, міне, күн көзі шыға бәйшешектер қайта гүлдеді. Айта кету керек, биыл Шымкентте бәйшешектер сатылмайды. Былтыр сатылатын. Бәйшешек Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оған зақым келтірген жан ҚР Қылмыстық кодексінің 290 бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Жұлынған бір бәйшешек үшін 850 теңге айып салынады. BAQ.kz
13.02.2013 11:34 3687

Оңтүстік Қазақстан облысында бәйшешектер гүлдей бастады. Көктем гүлінінің көптігі сонша олар қыр беткейі мен жол жиектерін тұтас жауып кеткен.
Аймақта алғашқы бәйшешектер ақпан айының басында пайда болыпты. Бірақ, күннің күрт қайта суытуына байланысты гүлдер бүрісіп қалған. Енді, міне, күн көзі шыға бәйшешектер қайта гүлдеді. Айта кету керек, биыл Шымкентте бәйшешектер сатылмайды. Былтыр сатылатын.
Бәйшешек Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оған зақым келтірген жан ҚР Қылмыстық кодексінің 290 бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Жұлынған бір бәйшешек үшін 850 теңге айып салынады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға