Жаңалықтар

Құнанбай Өскенбайұлы

Соңғы редакциялау: 23 қазан 2012   ҚҰНАНБАЙ Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы Семей обл. Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауы — 1886, сонда) — би, аға сұлтан. Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Қ. жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. 1834 ж. әкесінің орнына Күшік-Тобықты болысының старшындығына сайланады. Осыдан 1856 жылға дейін билік тізгінін қолынан шығармаған. 1846 ж. генерал Вишневскийдің өлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы ету мақсатында жүргізген арнайы экспед-на қатысты. Экспед. құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Қ-дың қайраткерлік тұлғасы туралы: “Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. ұажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған…, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған” — деп сипаттайды (“Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар”, А., 1979). Қ. “Ескі там” деген жерде мектеп ашты. Патша өкіметіне адал қызметі үшін оған 1946 ж. хорунжий атағы берілді. 1849 — 52 ж. Қарқаралы окр-нің аға сұлтандығына сайланды. Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі қыстау үшін Бөжейге жасаған қысымына байланысты тергеуге тартылып‚ Омбы қ-нда мырзақамақта (қамауда) жатады. Қамаудан Дала ген.-губернаторының қазақ істері жөніндегі кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлихановтың кепілдігімен босанып шығады. Аға сұлтан кезінде Қарқаралы қ-нда  мешіт салдырды. Арқат-Аягөз бекеті аралығында поштаны тонап, хорунжийді өлтірген Табылды, Үдербай, Әбділда, Түңлікбай есімді қазақ жігіттерін Барлық тауында тығылып жүрген жерінен Аягөз окр-нің аға сұлтаны Барақ Солтабаевтың көмегімен Қ. патша өкіметіне ұстап береді. Осының арқасында оның үстінен жүргізілген тергеу ісі тоқтатылып, хорунжий атағы қайтарылған. өсталғандар Аягөз қ-нда дарға асылып, атылғаннан кейін өзінің алданғанын түсінген Қ. биліктен бас тартып, қайтып мұндай іспен айналыспауға бекінеді. Омбы архивіндегі “Құнанбай Өскенбаевтың қылмыстық ісі” деген көлемі 1700 беттік тергеу ісінің соңына 1862 ж. Қ-дың қажылыққа кетуіне байланысты “істі жабу” туралы мин-ке жолданған хаты тіркелген. Кей деректерде Қ. қажыға 1874 ж. барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Қ. — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған  низамын”, шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Медресе салдырып, Әуез, ұабитхан, Кішкене молда секілді шариат білгірлерін аулына көшіріп әкеліп, бала оқыттырды. Сырттай Кенесары қозғалысына қарсы күрескер ретінде көрінгенімен, оған астыртын қолдау жасап, көмек берді. Қ-дың бәйбішесі Күнкеден — Құдайберді, екінші әйелі өл-жаннан — Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан — Халиолла, Смағұл, Кәмшат атты ұл-қыздары туған. Төртінші әйелі Нұрғанымнан туған баласы жасында қайтыс болған. Балаларының ішінде Абайдың болашағынан ерекше үміт күтіп‚ оны 13 жасынан қасына ертіп, билікке баулыған. Абай да әкесінің билік жолын үлгі тұтты. Ел арасында Құнанбай айтты деген нақыл сөздер кең таралған. Қ-дың өмірі мен қайраткерлігі туралы деректерді жинап, бір ізге түсірген — М.Әуезов, оның “Абай жолы” эпопеясында Қ. бейнесі кеңестік идеол. ықпалына сай бұрмаланғанымен‚ жан-жақты сипатталып, шебер сомдалған. Т. Жұртбай, Е. Уәлиханов Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том  
08.11.2012 10:34 7349

Соңғы редакциялау:

23 қазан 2012

 

ҚҰНАНБАЙ Өскенбайұлы, Құнанбай қажы (1804, бұрынғы Семей обл. Шыңғыстау, Ақшоқы қыстауы — 1886, сонда) — би, аға сұлтан. Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер. Қ. жасынан палуан, найзагер болды, қатал да әділдігімен ерекшеленіп‚ әкесі Өскенбайдың тәрбиесінде ел билігіне араласты. 1834 ж. әкесінің орнына Күшік-Тобықты болысының старшындығына сайланады. Осыдан 1856 жылға дейін билік тізгінін қолынан шығармаған. 1846 ж. генерал Вишневскийдің өлы жүз қазақтарын Ресейдің боданы ету мақсатында жүргізген арнайы экспед-на қатысты. Экспед. құрамында болған поляктың саяси қайраткері А.Янушкевич сапарнамалық күнделігінде Қ-дың қайраткерлік тұлғасы туралы: “Құнанбай өңірге аты жайылған адам, қарапайым қазақтың баласы. ұажайып ақыл-ес және жүйрік тілдің иесі. Іскер, аталастарының игілігі туралы қам жейді, дала заңдары мен Құран қағидаларының жетік білгірі, қазақтарға қатысты ресейлік жарғыларды бес саусағындай біледі, қара қылды қақ жарған би және өнегелі мұсылман. Жұрт пайғамбардай сыйлайды. Одан ақыл сұрауға жас та, кәрі де, кедей де, бай да шалғай ауылдардан келіп жатады. Тобықты руының сеніміне ие болып, болыстыққа сайланған…, әділетсіздік пен дәулеттілердің зорлығына қарсы қалқан болған” — деп сипаттайды (“Қазақ даласына жасалған саяхат туралы жазбалар”, А., 1979). Қ. “Ескі там” деген жерде мектеп ашты. Патша өкіметіне адал қызметі үшін оған 1946 ж. хорунжий атағы берілді. 1849 — 52 ж. Қарқаралы окр-нің аға сұлтандығына сайланды. Бірақ Шыңғыстың бөктеріндегі қыстау үшін Бөжейге жасаған қысымына байланысты тергеуге тартылып‚ Омбы қ-нда мырзақамақта (қамауда) жатады. Қамаудан Дала ген.-губернаторының қазақ істері жөніндегі кеңесшісі, полковник Шыңғыс Уәлихановтың кепілдігімен босанып шығады. Аға сұлтан кезінде Қарқаралы қ-нда  мешіт салдырды. Арқат-Аягөз бекеті аралығында поштаны тонап, хорунжийді өлтірген Табылды, Үдербай, Әбділда, Түңлікбай есімді қазақ жігіттерін Барлық тауында тығылып жүрген жерінен Аягөз окр-нің аға сұлтаны Барақ Солтабаевтың көмегімен Қ. патша өкіметіне ұстап береді. Осының арқасында оның үстінен жүргізілген тергеу ісі тоқтатылып, хорунжий атағы қайтарылған. өсталғандар Аягөз қ-нда дарға асылып, атылғаннан кейін өзінің алданғанын түсінген Қ. биліктен бас тартып, қайтып мұндай іспен айналыспауға бекінеді. Омбы архивіндегі “Құнанбай Өскенбаевтың қылмыстық ісі” деген көлемі 1700 беттік тергеу ісінің соңына 1862 ж. Қ-дың қажылыққа кетуіне байланысты “істі жабу” туралы мин-ке жолданған хаты тіркелген. Кей деректерде Қ. қажыға 1874 ж. барды делінеді. Меккеде 2 жылдан астам уақыт тұрып‚ құдайға құлшылық етушілерге арнап тәккия (қонақүй әрі медресе қызметін атқарған үй) салдырады. Қ. — аса күрделі тұлға, билік тізгінін ұстаған кезіндегі қайраткерлігі қарама-қайшылықтарға толы. Ол би, болыс, аға сұлтан кезінде биліктің үш тұтқасын — қазақтың дәстүрлі заңын, патша өкіметінің “Сібір қазақтарына арналған  низамын”, шариат жолын қатар ұстанды. Қазақ дәстүрінің негізіне сүйене отырып, оңтайлы шешімдерді жүзеге асырды. Қатал да әділ билік елді тезге салып, жөнге келтіреді деп білді. Барымтаға, ұрлыққа, дінбұзарлыққа, зинақорлыққа қатаң тыйым салды. Заманның ауқымын аңдап, ертеңін болжай білді. Балаларын орысша оқыта отырып‚ мұсылмандықты уағыздады. Медресе салдырып, Әуез, ұабитхан, Кішкене молда секілді шариат білгірлерін аулына көшіріп әкеліп, бала оқыттырды. Сырттай Кенесары қозғалысына қарсы күрескер ретінде көрінгенімен, оған астыртын қолдау жасап, көмек берді. Қ-дың бәйбішесі Күнкеден — Құдайберді, екінші әйелі өл-жаннан — Тәңірберді, Ибраһим (Абай), Ысқақ, Оспан, үшінші әйелі Айғыздан — Халиолла, Смағұл, Кәмшат атты ұл-қыздары туған. Төртінші әйелі Нұрғанымнан туған баласы жасында қайтыс болған. Балаларының ішінде Абайдың болашағынан ерекше үміт күтіп‚ оны 13 жасынан қасына ертіп, билікке баулыған. Абай да әкесінің билік жолын үлгі тұтты. Ел арасында Құнанбай айтты деген нақыл сөздер кең таралған. Қ-дың өмірі мен қайраткерлігі туралы деректерді жинап, бір ізге түсірген — М.Әуезов, оның “Абай жолы” эпопеясында Қ. бейнесі кеңестік идеол. ықпалына сай бұрмаланғанымен‚ жан-жақты сипатталып, шебер сомдалған.

Т. Жұртбай, Е. Уәлиханов

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 6-том

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға