Ақырзаман жайлы дүрлігу басылмай жатып, тағы бір үрейдің ғаламды жайлайтын түрі бар. Ресейлік ғалымдар келер жылы кіші мұз дәуірі басталатынын айтып отыр, деп жазады Алаш айнасы.
«Мир-24» телеарнасының хабарлауынша, Ресей Ғылым академиясы Биологияның фундаменталды мәселелері институтының ғалымдары Владимир Башкин мен Рауф Галиулин ғаламдық жылынуға кереғар құбылыстың болатынын болжап шықты. Олардың айтуынша, қазіргі ғаламдық жылыну құбылысы – ғаламдық суытудың немесе «кіші мұз дәуірі» аталатын кезеңнің басы. Ауа температурасы 2014 жылдан бастап төмендей түседі. Ал ғасырдың ортасына қарай температураның төмендеуі рекордтық көрсеткішке жетеді. Әуелі баяу басталған суыту үрдісі онжылдықтан соң қарқын алып, энергияға сұранысты арттырып жіберуі мүмкін.
BAQ.kz
13.02.2013 03:16
3955