Теннистен Ұлттық құрама үздіктер қатарында (видео)
Әйелдер арасындағы теннистен Қазақстан құрамасы әлемдегі ең үздік 20 команданың қатарына кірді. Жаңартылған әлемдік рейтингіде Ұлттық құрама өз көрсеткішін 5 сатыға жоғарылатып, 19-орынға орналасты. Жерлестеріміз бұндай нәтижеге Астанада өткен «Федерация Кубогінің» іріктеу сындарынан кейін қол жеткізді. Халықаралық додада Ұлттық құрама спортшылары Үндістан, Тайланд, Өзбекстан елінің теннисшілерінен басым түскен болатын. Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық құрама доданың плей-офф кезеңіне өтіп, сәуір айында жарысты жалғастырады. Ал жаңа көрсеткіштің топ басында Чехия, Италия және Ресей елдерінің құрамалары тұр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

