Жаңалықтар

Көзіңіз алғаш танысқанда қыздың қай жеріне түседі?

Әдетте жігіт пен қыз алғаш танысқан сәтте жігіттің көзі ең алдымен қыздың тісіне түседі екен. Мұндай мәлімдемені америкалық ғалымдар жасап отыр. Олар жүздеген ер азаматпен сұрақ-жауап алмасып, осындай қорытындыға келген. Бұл жайында Daily Mail хабарлайды.  Match.com порталы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сұралған жігіттердің 58 пайызы алғаш танысқан бойжеткеннің күлкісі және тістерінің қандай екендігіне мән беретіндігін айтқан. Зерттеу жұмыстарының тыңғылықты жүргізілгендігі сонша, ғалымдардың бұған үш жылдай уақыты кеткен. Олардың өздері де қорытынды нәтиженің мұндай болатынын ойламапты. Тістен кейінгі екінші орында қыздардың шашы тұр. Нәзік жанды арулардың шаш қою үлгісі де жігіттер үшін маңызды екен. Сұралғандардың 51 пайызы осылайша жауап қатқан. Ал, үздік үштікті киім кию үлгісі қорытындылады. Oral B стоматологиялық компаниясының мамандары да соңғы кезде тісін ағарту үшін келетін жастардың қатары артып отырғандығын айтуда. Жалпы, бүкіл әлем халқының үштен бір бөлігі күніне тісін кемінде бір рет тіс жуу пастасымен тазалайды екен. BAQ.kz
12.02.2013 12:01 3749

Әдетте жігіт пен қыз алғаш танысқан сәтте жігіттің көзі ең алдымен қыздың тісіне түседі екен. Мұндай мәлімдемені америкалық ғалымдар жасап отыр. Олар жүздеген ер азаматпен сұрақ-жауап алмасып, осындай қорытындыға келген. Бұл жайында Daily Mail хабарлайды. 
Match.com порталы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, сұралған жігіттердің 58 пайызы алғаш танысқан бойжеткеннің күлкісі және тістерінің қандай екендігіне мән беретіндігін айтқан. Зерттеу жұмыстарының тыңғылықты жүргізілгендігі сонша, ғалымдардың бұған үш жылдай уақыты кеткен. Олардың өздері де қорытынды нәтиженің мұндай болатынын ойламапты.
Тістен кейінгі екінші орында қыздардың шашы тұр. Нәзік жанды арулардың шаш қою үлгісі де жігіттер үшін маңызды екен. Сұралғандардың 51 пайызы осылайша жауап қатқан. Ал, үздік үштікті киім кию үлгісі қорытындылады.
Oral B стоматологиялық компаниясының мамандары да соңғы кезде тісін ағарту үшін келетін жастардың қатары артып отырғандығын айтуда. Жалпы, бүкіл әлем халқының үштен бір бөлігі күніне тісін кемінде бір рет тіс жуу пастасымен тазалайды екен.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға