Жаңалықтар

Баскетболдың болашақ жұлдызы – 2 жаста (ВИДЕО)

Америкада баскетбол добын көздеген жеріне дөп лақтыратын 2 жастағы кішкентай балақай тұрады. Оның есімі Титус. Жаңа ғана тәй-тәй басқан баланың баскетбол добын шеберлікпен лақтыратынын көріп, сүйсініп қарайсың. Титустың ата-анасы 18 және 24 ай аралығында түсірген кадрларды көпшілік назарына ұсынған екен. Бастапқыда әлі жүріп үйренбеген балақай баскетбол ойынының ойыншық кәрзеңкесіне допты отырған орнынан лақтырады. Ал қазір 2 жасар мерген допты артында тұрған кәрзеңкеге де өте сәтті сала алады. Болашақ баскетболшы алыстан тұрып үш ұпайлық лақтыру, рикошет сияқты тәсілдердің барлығын жеңіл қимылмен орындайды. Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын қазақстандық таңғажайып қыз туралы ақпаратты әлемнің көптеген сайттары жарыса жариялаған еді. Бейнероликте кішкентай Эвника өте талантты боксшы екенін байқатқан болатын. «Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей» демекші, баланы белгілі бір салаға құйттай кезінен бейімдеудің өз жемісін беретінін осы кадрлардан көруге болады. Айым Сәдуақасова BAQ.kz
12.02.2013 11:58 3981

Америкада баскетбол добын көздеген жеріне дөп лақтыратын 2 жастағы кішкентай балақай тұрады. Оның есімі Титус. Жаңа ғана тәй-тәй басқан баланың баскетбол добын шеберлікпен лақтыратынын көріп, сүйсініп қарайсың.

Титустың ата-анасы 18 және 24 ай аралығында түсірген кадрларды көпшілік назарына ұсынған екен. Бастапқыда әлі жүріп үйренбеген балақай баскетбол ойынының ойыншық кәрзеңкесіне допты отырған орнынан лақтырады.

Ал қазір 2 жасар мерген допты артында тұрған кәрзеңкеге де өте сәтті сала алады. Болашақ баскетболшы алыстан тұрып үш ұпайлық лақтыру, рикошет сияқты тәсілдердің барлығын жеңіл қимылмен орындайды.

Айта кетейік, осыдан бір апта бұрын қазақстандық таңғажайып қыз туралы ақпаратты әлемнің көптеген сайттары жарыса жариялаған еді. Бейнероликте кішкентай Эвника өте талантты боксшы екенін байқатқан болатын.

«Жастай берген тәрбие – жас шыбықты игендей» демекші, баланы белгілі бір салаға құйттай кезінен бейімдеудің өз жемісін беретінін осы кадрлардан көруге болады.

Айым Сәдуақасова

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға