Әнші Қайрат Нұртас туралы фильм прокатқа шығады
Фильм түсірілімі 2012 жылдың шілде-қазан айлары арасында Астана, Актау және әншінің туған жері Түркістан қаласында өткен болатын. Аталмыш жобаға Қайраттың ата-анасы мен ағайындарынан басқа, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов сынды қазақ киносының жұлдыздары қатысты. Ал басты рөлдерді Қайрат Нұртаспен қоса әнші Сиви Махмуди, актриса Жания Джуринская және әнші Ренат Баситов сомдайды. Әншінің жеке пордюссері-анасы Гүлзира Айдарбекова киноға продюсерлік жасауды да мойнына алған.
23 жасар Қайрат Нұртас ең алғаш рет сахнаға тоғыз жасында шыққан көрінеді. Бүгінге дейін әнші 100-ге жуық ән жазғызып, жеке концерттік бағдарласымен Қазақстанның бар өңірін аралап шыққан. Әншінің айтуы бойынша, қазіргі басты арманы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қосылып ән шырқау.
BAQ.kz