Жаңалықтар

Енисей жазба ескерткіштері

Соңғы редакциялау: 18 қазан 2012   ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ — Енисей өз. бойында табылған, ежелгі түркі сына жазуымен жазылған ескерткіштер. Олар қазіргі Хакасия, Тыва, Таулы Алтай республикалары аумағынан, Красноярск өлкесінен, Лена өз. бойынан, Енисей, Абақан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест өзендері бойындағы қорғандардан табылған. Жалпы саны — 150. ұалымдардың анықтауынша, Е. ж. е-нің көпшілігі хронол. тұрғыдан 6 — 10 ғ-ларда жазылған. Бұғытастарға, арнайы дайындалған құмдақ тастарға, жартастарға, сонымен қатар әшекейлі алтын, күміс ыдыс-аяққа, металл айналарға, тиындарға, т.б. заттарға қашалған. Аталған бұйымдар қазір Минусинск, Қызыл, Абақан, Красноярск, Санкт-Петербург, Хельсинки, Мәскеу музейлерінде сақтаулы тұр, тасқа қашалғандары байырғы орындарында сақталған. Е. ж. е. туралы алғашқы мәліметтер 17 — 18 ғ-ларда жарияланды (Н.Витзен, С.Ремезов, Д.Г. Мессершмидт, Т.И. Страленберг, П.С. Паллас). Оларды зерттеу жұмыстары 19 ғ-да басталды (Г.И. Спасский, О.Доннер, И.Аспелин, А.В. Адрианов, Н.М. Ядринцев, А.О. Хейкел, Д.А. Клеменц, И.Т. Савенков, В.А. Ошурков, И.Г. Гране, т.б.). 1869 ж. В.Томсен көне түркі жазуын оқудың сырын ашқанша бұл жазба ескерткіштер мазмұны жұмбақ күйінде қалған еді. Кейін Е. ж. е-нің мәтіндік аудармаларын, түсініктемелерін жасап, граммат. ерекшеліктерін зерттеуді В.В. Радлов, В.Томсен, П.М. Мелиоранский, Х.Н. Оркун, А.Габен, С.Е. Малов, И.А. Батманов, А.М. Шербак, Ж.Клоузон, А.С. Аманжолов, И.В. Кормушин, З.Б. Арагачи, Л.Р. Кызласов, И.Л. Кызласов, А.Ч. Кунаа, Э.Р. Рыгдылон, т.б. ғалымдар жүзеге асырды, ал археол. және тарихи тұрғыдан С.В. Киселев, Л.А. Евтюхова, А.Н. Бернштам, А.Д. Грач, С.Г. Кляшторный, Д.Д. Васильев, т.б. ғалымдар зерттеді. Е. ж. е-нің Орхон, Талас өзендері бойынан табылған ежелгі түркі жазба ескерткіштерінен кейбір таңбалық-графикалық өзгешеліктерінен (шамамен 100-ден астам) басқа тілдік өзгешелік жоқ дерлік. Бұл жазбаларда түрік, түргеш, қырғыз, ач, чик, төлбери, т.б. этнонимдер кездеседі. Тарихи тұрғыдан Е. ж. е-нің жазылған кезеңін Түрік қағанаты тұсымен байланыстырады. Е. ж. е-нің ең ірісінде 400-дей таңба бар. Жазулар мазмұны әр түрлі, көпшілігі құлпытастық сарында, онда әуелі кісінің аты-жөні, онан кейін өмірбаяны, жорықтары, соңында туған ел-жұртынан, ағайын-туысқандарынан айырылғаны, жоқтаулары бәдізделген. Мыс., Уюк—Тарлак ескерткіші (Е-1): “Есіз еліме кунчуйыма оғланыма бодуныма есізіме алтмыш йашымда адырылтым”. Атым Ел Тоған Тутуқ. Бен теңрі елімке елчісі ертім. Алты бағ бодуңқа бег ертім [Аударылуы: Қайран елімнен, ханымымнан (бәйбішемнен), ұланымнан, халқымнан, қандай өкінішті, алпыс жасымда (айырылдым). Атым-Ел Тоған Тұтұқ. Мен тәңірі еліме елшісі еді. Алты баулы халыққа бек едім]; Уюк-Аржан ескерткіші (Е-2): “Ешім, урым, азышдым. Еліме еңдім. Ер ердемім ебім құз. Ач адығ ен. Ер ердемім ақунч. Ер атым Йаш Қарт бен” [А.Аманжолов аудармасы: Достарым, ұлдарым, аздым. ҙз елімнен аңырап қалдым. Ер ерлігім, үйім (жұртым) — құз. Аш аю, ені! Ер ерлігім — шабуыл. Ер атым — Яш Қарт]; Тыба ескерткіші (Е-37): “Қара хан ичрегі бен Езгене, алты отұз йашыма ерті, бет өлтүм Түргеш ел ічінте, бег бен бітік.....” [И.Батманов аудармасы: Мен Езгене, Қара ханның ішкі (лауазымды) адамымын, жиырма алты жаста едім, Түргеш ел ішінде қайтыс болдым, бек (атақты) мен бітік (жазу) ...]. Ескерткіштер ғылымда табылған жер-су атауларымен аталған және шартты түрде Е-1, Е-50, Е-150. ... деген сандармен белгіленген. Мыс.: Уюк-Тарлак (Е-1), Барлык І (Е-5), Барлык ІІ (Е-6), Элэгэст (Е-10), Бегре (Е-11), Уйбат І (Е-30), т.б. Б. Нәпіл Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том
08.11.2012 10:31 36954

Соңғы редакциялау:

18 қазан 2012

 

ЕНИСЕЙ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ — Енисей өз. бойында табылған, ежелгі түркі сына жазуымен жазылған ескерткіштер. Олар қазіргі Хакасия, Тыва, Таулы Алтай республикалары аумағынан, Красноярск өлкесінен, Лена өз. бойынан, Енисей, Абақан, Кемчік, Кем, Оя, Элегест өзендері бойындағы қорғандардан табылған. Жалпы саны — 150. ұалымдардың анықтауынша, Е. ж. е-нің көпшілігі хронол. тұрғыдан 6 — 10 ғ-ларда жазылған. Бұғытастарға, арнайы дайындалған құмдақ тастарға, жартастарға, сонымен қатар әшекейлі алтын, күміс ыдыс-аяққа, металл айналарға, тиындарға, т.б. заттарға қашалған. Аталған бұйымдар қазір Минусинск, Қызыл, Абақан, Красноярск, Санкт-Петербург, Хельсинки, Мәскеу музейлерінде сақтаулы тұр, тасқа қашалғандары байырғы орындарында сақталған.

Е. ж. е. туралы алғашқы мәліметтер 17 — 18 ғ-ларда жарияланды (Н.Витзен, С.Ремезов, Д.Г. Мессершмидт, Т.И. Страленберг, П.С. Паллас). Оларды зерттеу жұмыстары 19 ғ-да басталды (Г.И. Спасский, О.Доннер, И.Аспелин, А.В. Адрианов, Н.М. Ядринцев, А.О. Хейкел, Д.А. Клеменц, И.Т. Савенков, В.А. Ошурков, И.Г. Гране, т.б.). 1869 ж. В.Томсен көне түркі жазуын оқудың сырын ашқанша бұл жазба ескерткіштер мазмұны жұмбақ күйінде қалған еді. Кейін Е. ж. е-нің мәтіндік аудармаларын, түсініктемелерін жасап, граммат. ерекшеліктерін зерттеуді В.В. Радлов, В.Томсен, П.М. Мелиоранский, Х.Н. Оркун, А.Габен, С.Е. Малов, И.А. Батманов, А.М. Шербак, Ж.Клоузон, А.С. Аманжолов, И.В. Кормушин, З.Б. Арагачи, Л.Р. Кызласов, И.Л. Кызласов, А.Ч. Кунаа, Э.Р. Рыгдылон, т.б. ғалымдар жүзеге асырды, ал археол. және тарихи тұрғыдан С.В. Киселев, Л.А. Евтюхова, А.Н. Бернштам, А.Д. Грач, С.Г. Кляшторный, Д.Д. Васильев, т.б. ғалымдар зерттеді. Е. ж. е-нің Орхон, Талас өзендері бойынан табылған ежелгі түркі жазба ескерткіштерінен кейбір таңбалық-графикалық өзгешеліктерінен (шамамен 100-ден астам) басқа тілдік өзгешелік жоқ дерлік. Бұл жазбаларда түрік, түргеш, қырғыз, ач, чик, төлбери, т.б. этнонимдер кездеседі. Тарихи тұрғыдан Е. ж. е-нің жазылған кезеңін Түрік қағанаты тұсымен байланыстырады. Е. ж. е-нің ең ірісінде 400-дей таңба бар. Жазулар мазмұны әр түрлі, көпшілігі құлпытастық сарында, онда әуелі кісінің аты-жөні, онан кейін өмірбаяны, жорықтары, соңында туған ел-жұртынан, ағайын-туысқандарынан айырылғаны, жоқтаулары бәдізделген. Мыс., Уюк—Тарлак ескерткіші (Е-1): “Есіз еліме кунчуйыма оғланыма бодуныма есізіме алтмыш йашымда адырылтым”. Атым Ел Тоған Тутуқ. Бен теңрі елімке елчісі ертім. Алты бағ бодуңқа бег ертім [Аударылуы: Қайран елімнен, ханымымнан (бәйбішемнен), ұланымнан, халқымнан, қандай өкінішті, алпыс жасымда (айырылдым). Атым-Ел Тоған Тұтұқ. Мен тәңірі еліме елшісі еді. Алты баулы халыққа бек едім]; Уюк-Аржан ескерткіші (Е-2): “Ешім, урым, азышдым. Еліме еңдім. Ер ердемім ебім құз. Ач адығ ен. Ер ердемім ақунч. Ер атым Йаш Қарт бен” [А.Аманжолов аудармасы: Достарым, ұлдарым, аздым. ҙз елімнен аңырап қалдым. Ер ерлігім, үйім (жұртым) — құз. Аш аю, ені! Ер ерлігім — шабуыл. Ер атым — Яш Қарт]; Тыба ескерткіші (Е-37): “Қара хан ичрегі бен Езгене, алты отұз йашыма ерті, бет өлтүм Түргеш ел ічінте, бег бен бітік.....” [И.Батманов аудармасы: Мен Езгене, Қара ханның ішкі (лауазымды) адамымын, жиырма алты жаста едім, Түргеш ел ішінде қайтыс болдым, бек (атақты) мен бітік (жазу) ...]. Ескерткіштер ғылымда табылған жер-су атауларымен аталған және шартты түрде Е-1, Е-50, Е-150. ... деген сандармен белгіленген. Мыс.: Уюк-Тарлак (Е-1), Барлык І (Е-5), Барлык ІІ (Е-6), Элэгэст (Е-10), Бегре (Е-11), Уйбат І (Е-30), т.б.

Б. Нәпіл

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 3-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға