Жаңалықтар

Ғарифолла Есім: Стратегия-2050 – мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті. Ол Елбасы Жодауының басым бағыттарын сөз етіп, жастарға «Мәңгілік қазақ елі» идеясының негізін түсіндірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Студенттермен кездескен Сенат депутаты ең алдымен «Қазақстандық демократия» деген ұғымға тоқталды. «Қазақстандық демократия деген не? Қазақстандық демократияның негізгі инстиуты қазақ мемлекеті болуы керек. Қазақ мемлекетіне сай заңдар жасауымыз қажет. Қазақ мемлекеті – қазақ тілі нағыз тіл болса, қазақтың тілі елдікке апарса ғана болады. Сонда ғана елдің аты қазақ мемлекеті деп аталады. Ал оны жасайтын сіздер», - деді академик. Кездесуде Ғарифолла Есім Президент Жолдауда жүктеген маңызы мақсаттар мен міндеттерді сөз етті. Бүгінгі күннің жастары үш тілде сөйлеп, инновацияны меңгеруі қажет деген пікірде депутат. «Президент, шіркін, үш тіл болса дейді. 2050 жылы біздің азаматтар үш тілде сөйлейді дейді. Үш тілде сөйлеу дегеніміз – үш дүниетаным, үш көзқарас, үш ақпараттық өріс. Үш тілді білген адамның санасы басқа болады. Түсінігі, ойы басқа болады. Инновацияға жақын тұрады. Мысалы, орта ғасырдағы ғалымдарымыз билік мәселесінде түрікше сөйлеген, поэзия болғанда парсыша, философия, дінге келгенде арабша сөйлеген», - деп атап өтті Ғарифолла Есім. Алға дамыған отыз елдің қатарына енеміз деген үлкен мақсат қойып отырмыз. Бұл межеге міндетті түрде жетеміз дейді академик. Бірақ осы орайда туындайтын басты мәселе - осы қатардан шығып қалмау. Осылайша, бүгінгі ұрпақ пен келешек толқынға артылған жауапкершілік зор. «Бұл бірінші мәселе. Екіншісі – тілімізді сақтап қалу, демографияны жақсарту. Осы екеуін қаперге алсақ, «мәңгілік елге» жол ашамыз. Жолдауда «мәңгілік елді» Президент төрт рет айтқан. Біздің мақсат – мәңгілік ел болу, қазақ болып қалу. Елбасымыз бабалардың ерлігі, буындар бірлігі және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана мәңгілік ел боламыз деп тамаша айтты», - деді депутат. Айымгүл Әбілева
11.02.2013 12:00 3545

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты, философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездесті. Ол Елбасы Жодауының басым бағыттарын сөз етіп, жастарға «Мәңгілік қазақ елі» идеясының негізін түсіндірді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Студенттермен кездескен Сенат депутаты ең алдымен «Қазақстандық демократия» деген ұғымға тоқталды.

«Қазақстандық демократия деген не? Қазақстандық демократияның негізгі инстиуты қазақ мемлекеті болуы керек. Қазақ мемлекетіне сай заңдар жасауымыз қажет. Қазақ мемлекеті – қазақ тілі нағыз тіл болса, қазақтың тілі елдікке апарса ғана болады. Сонда ғана елдің аты қазақ мемлекеті деп аталады. Ал оны жасайтын сіздер», - деді академик.

Кездесуде Ғарифолла Есім Президент Жолдауда жүктеген маңызы мақсаттар мен міндеттерді сөз етті. Бүгінгі күннің жастары үш тілде сөйлеп, инновацияны меңгеруі қажет деген пікірде депутат.

«Президент, шіркін, үш тіл болса дейді. 2050 жылы біздің азаматтар үш тілде сөйлейді дейді. Үш тілде сөйлеу дегеніміз – үш дүниетаным, үш көзқарас, үш ақпараттық өріс. Үш тілді білген адамның санасы басқа болады. Түсінігі, ойы басқа болады. Инновацияға жақын тұрады. Мысалы, орта ғасырдағы ғалымдарымыз билік мәселесінде түрікше сөйлеген, поэзия болғанда парсыша, философия, дінге келгенде арабша сөйлеген», - деп атап өтті Ғарифолла Есім.

Алға дамыған отыз елдің қатарына енеміз деген үлкен мақсат қойып отырмыз. Бұл межеге міндетті түрде жетеміз дейді академик. Бірақ осы орайда туындайтын басты мәселе - осы қатардан шығып қалмау. Осылайша, бүгінгі ұрпақ пен келешек толқынға артылған жауапкершілік зор.

«Бұл бірінші мәселе. Екіншісі – тілімізді сақтап қалу, демографияны жақсарту. Осы екеуін қаперге алсақ, «мәңгілік елге» жол ашамыз. Жолдауда «мәңгілік елді» Президент төрт рет айтқан. Біздің мақсат – мәңгілік ел болу, қазақ болып қалу. Елбасымыз бабалардың ерлігі, буындар бірлігі және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана мәңгілік ел боламыз деп тамаша айтты», - деді депутат.

Айымгүл Әбілева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға