Жаңалықтар

Хоккейшілеріміз Сочиге бармайтын болды

7-10 ақпан аралығында Ригада Сочи Олимпиадасына жолдама алу үшін Латвия, Қазақстан, Франция, Ұлыбритания құрамалары бір топта сынға түсті. Әрине, жолдама біреу ғана.   Қазақстан хоккейшілері өз тобында 6 ұпаймен екінші орын алды. Жалқы жолдама жеті ұпайы бар латыштардың қоржынында кетті. Егер, топтағы соңғы кездесуде Франция Латвияны 1:0, 2:1, 3:2 есебімен жеңетін болса, жолдама бізге бұйырушы еді. Француздар латыштарды 3:2 есебімен тізерлетті. Алайда, ойынның негізі уақытында емес, овертаймда! Хоккей ережесі бойынша, қосымша уақытта жеңілген команда да бір ұпайға ие болады. BAQ.kz
11.02.2013 05:27 2663

7-10 ақпан аралығында Ригада Сочи Олимпиадасына жолдама алу үшін Латвия, Қазақстан, Франция, Ұлыбритания құрамалары бір топта сынға түсті. Әрине, жолдама біреу ғана.  
Қазақстан хоккейшілері өз тобында 6 ұпаймен екінші орын алды. Жалқы жолдама жеті ұпайы бар латыштардың қоржынында кетті.
Егер, топтағы соңғы кездесуде Франция Латвияны 1:0, 2:1, 3:2 есебімен жеңетін болса, жолдама бізге бұйырушы еді. Француздар латыштарды 3:2 есебімен тізерлетті. Алайда, ойынның негізі уақытында емес, овертаймда! Хоккей ережесі бойынша, қосымша уақытта жеңілген команда да бір ұпайға ие болады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға