Бразилияда басталған карнавалдың астан-кестені шықты (видео)
Рио-де-Жанейрода басталған карнавалда ондаған адам зардап шекті. Оған себеп қала көшелерінде жиналған 2 млн халықтан пайда болған қыспақ пен аптап ыстық болды.
Ауқымды шараны тамашалауға Рио көшелеріне шамамен 2 млн адам жиналған. Аласапыран 2 полиция көлігінің жиналған топтың арасынан өтем деген кезде басталды. Шегінер жер таппаған халықтан маза кетті. Күн райының ыстығынан тұрғындар есінен тана бастаған. Жастар көліктердің үстіне, тіпті, бағаналарға да мініп кеткен. Жараланғандарға жедел медициналық көмек көрсетілді. Айта кетейік, Бразилияда дәстүрге айналған бұл карнавал 1918 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын іс-шараға кемінде 2 млн адам қатысады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

