Жас пианисттердің байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылады
Еске салайық, 2013 жылғы 10 қаңтарда Астанада 2013 жылдың 10-ы мен 16 мамыры аралығында өтетін жас пианистердің Бірінші Халықаралық "Astana Piano Passion" байқауына қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды. Байқаудың ұйымдастырушылары - Астана қаласы әкімдігі мен "Accordi di Astana" қоғамдық қоры.
Байқауды өткізу фортепиано өнері саласында жаңа таланттарды тауып, қолдауға, Қазақстанның ұлттық фортепиано мектебі дәстүрін нығайтуға, сондай-ақ, түрлі мемлекеттердің ұлттық мектептері арасында шығармашылық байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ұйымдастырушылардың пікірінше, классикалық фортепиано музыкасын насихаттау тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл дүниежүзінде өскелең жеткіншек ұрпақты тәрбиелеудің рухани маңызды құрамдас бөлігі болуы қажет.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz
Жас пианисттердің бірінші халықаралық “Astana Piano Passion” байқауына қатысуға өтінім қабылдау 20 наурызға дейін ұзартылады.
