Жаңалықтар

2013 жылдың бірінші жартысында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту жөніндегі заң қабылданад

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту жөніндегі заң жобасын қабылдау жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Жаңа тікелей инвестицияларды тарту және сыртқы нарықтардан капиталды іздестіру осы кезеңде экономикалық саясаттың басымдығы болады. Дамыған елдердегі баяу өсім жағдайында инвесторлар тұрақты макроэкономикалық және саяси ортасы бар дамушы елдерде жаңа нарықтар мен инвестициялық мүмкіндіктерді іздейді. Осыған байланысты, экономиканың барлық басым секторларына инвестициялар тарту үшін әлемдік капитал нарығында әлеуетті инвесторлармен нысаналы жұмыстар жүргізілетін болады», - деп атап өтті министр. Министрлік Елбасының мемлекеттің экономикаға қатысуын одан әрі қысқарту бойынша тапсырмасына байланысты ауқымды жұмыс жасауды жоспарлап отыр. «Жеке секторға стратегиялық сипатқа ие емес мемлекеттік кәсіпорындарды, квазимемлекеттік компанияларды, бейінді емес функцияларды беру арқылы жекешелендірудің екінші кезеңін жүргізу қажет. Жекешелендіру отандық және шетелдік инвесторлардың көп санын тарту үшін транспарентті жүргізілетін болады», - деді Досаев. Оның айтуынша, инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру мақсатында экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымының озық стандарттары негізінде инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Біз көп үмітімізді мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытумен байланыстырамыз. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту жөніндегі заң қабылданады деп жоспарланған. Осылайша жаңа қаржылық тетіктерді енгізу көзделіп отыр. Сондай-ақ облыстарда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының әдіснамалық қолдауымен өңірлік орталықтарын құру жоспарланған», - деп толықтырды министр. Айымгүл Әбілева
08.02.2013 12:28 3183

2013 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту жөніндегі заң жобасын қабылдау жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жаңа тікелей инвестицияларды тарту және сыртқы нарықтардан капиталды іздестіру осы кезеңде экономикалық саясаттың басымдығы болады. Дамыған елдердегі баяу өсім жағдайында инвесторлар тұрақты макроэкономикалық және саяси ортасы бар дамушы елдерде жаңа нарықтар мен инвестициялық мүмкіндіктерді іздейді. Осыған байланысты, экономиканың барлық басым секторларына инвестициялар тарту үшін әлемдік капитал нарығында әлеуетті инвесторлармен нысаналы жұмыстар жүргізілетін болады», - деп атап өтті министр.

Министрлік Елбасының мемлекеттің экономикаға қатысуын одан әрі қысқарту бойынша тапсырмасына байланысты ауқымды жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

«Жеке секторға стратегиялық сипатқа ие емес мемлекеттік кәсіпорындарды, квазимемлекеттік компанияларды, бейінді емес функцияларды беру арқылы жекешелендірудің екінші кезеңін жүргізу қажет. Жекешелендіру отандық және шетелдік инвесторлардың көп санын тарту үшін транспарентті жүргізілетін болады», - деді Досаев.

Оның айтуынша, инвесторлар үшін Қазақстанның тартымдылығын арттыру мақсатында экономикалық ынтымақтастықты дамыту ұйымының озық стандарттары негізінде инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Біз көп үмітімізді мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытумен байланыстырамыз. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының соңына дейін мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту жөніндегі заң қабылданады деп жоспарланған. Осылайша жаңа қаржылық тетіктерді енгізу көзделіп отыр. Сондай-ақ облыстарда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығының әдіснамалық қолдауымен өңірлік орталықтарын құру жоспарланған», - деп толықтырды министр.

Айымгүл Әбілева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға