Жаңалықтар

2013 жылы ЖІӨ-нің өсімін 6%-ға жеткізуге толық мүмкіндік бар – Экономика министрі

Бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев 2013 жылы ЖІӨ-нің өсімін 6%-ға жеткізуге барлық негіз бар екенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Министрлік елдегі келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын негізгі мемлекеттік орган болып табыла отырып, елдің экономикасын тұжырымдамалық дамыту бойынша салааралық үйлестіруді күшейтуге баса назар аударады. Біздің бағалауымыз бойынша 2013 жылы экономиканың өсуі тұрақты болуы тиіс. Біз әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың теріс әсері 2012 жылға қарағанда елеусіз болады деген ойдамыз», - деп атап өтті министр. Оның айтуынша, өсудің оң серпінін сақтаған жағдайда, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен белсенді саясат жүргізе отырып 2013 жылы ЖІӨ-нің өсімін 6%-ға жеткізуге барлық негіз бар. «Дамыған елдердегі баяу өсім жағдайында экспортты және экономикалық өсу көздерін әртараптандыру, сондай-ақ сыртқы нарықтағы азайып бара жатқан сұранысты ішкі сұранысқа қайта бағдарлау бойынша жұмысты күшейту қажет. Құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, ауылшаруашылығы, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы сияқты капитал құрайтын салаларға бағдарлау отандық құрылыс индустриясы мен металлургияны дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға қосымша қарқын береді», - деді Ерболат Досаев. Экономика министрі дағдарысқа қарсы көп деңгейлі жүйе енгізу мақсатында жедел мониторинг жүйесіне өңірлерді және ірі жүйе құрушы кәсіпорындарды дамыту көрсеткіштері енгізілетінін жеткізді. «Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін дағдарыстық жағдайда жұмыспен қамту және экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша жол картасын әзірлеу басталды. Жол картасы дағдарысқа қарсы жоспарды барынша жоғары деңгейде іске асырудың құралы болуы тиіс», - деп толықтырды министр. Айымгүл Әбілева
08.02.2013 12:27 3141

Бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Ерболат Досаев 2013 жылы ЖІӨ-нің өсімін 6%-ға жеткізуге барлық негіз бар екенін айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Министрлік елдегі келісілген әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын негізгі мемлекеттік орган болып табыла отырып, елдің экономикасын тұжырымдамалық дамыту бойынша салааралық үйлестіруді күшейтуге баса назар аударады. Біздің бағалауымыз бойынша 2013 жылы экономиканың өсуі тұрақты болуы тиіс. Біз әлемдік экономикадағы тұрақсыздықтың теріс әсері 2012 жылға қарағанда елеусіз болады деген ойдамыз», - деп атап өтті министр.

Оның айтуынша, өсудің оң серпінін сақтаған жағдайда, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдармен белсенді саясат жүргізе отырып 2013 жылы ЖІӨ-нің өсімін 6%-ға жеткізуге барлық негіз бар.

«Дамыған елдердегі баяу өсім жағдайында экспортты және экономикалық өсу көздерін әртараптандыру, сондай-ақ сыртқы нарықтағы азайып бара жатқан сұранысты ішкі сұранысқа қайта бағдарлау бойынша жұмысты күшейту қажет. Құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, ауылшаруашылығы, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы сияқты капитал құрайтын салаларға бағдарлау отандық құрылыс индустриясы мен металлургияны дамытуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға қосымша қарқын береді», - деді Ерболат Досаев.

Экономика министрі дағдарысқа қарсы көп деңгейлі жүйе енгізу мақсатында жедел мониторинг жүйесіне өңірлерді және ірі жүйе құрушы кәсіпорындарды дамыту көрсеткіштері енгізілетінін жеткізді.

«Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін дағдарыстық жағдайда жұмыспен қамту және экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша жол картасын әзірлеу басталды. Жол картасы дағдарысқа қарсы жоспарды барынша жоғары деңгейде іске асырудың құралы болуы тиіс», - деп толықтырды министр.

Айымгүл Әбілева
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға