ЧЛ жеребесі: «Манчестер Сити» мен «Реал Мадрид» ойнайды
15.03.2024 17:17
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI
Ағылшындық «Манчестер Сити» корольдік клуб «Реал Мадридке» қарсы ойнайды. Бұл бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Чемпиондар лигасының ширек жеребесі тартылу рәсімінде белгілі болды, деп хабарлайды el.kz ақпарат агенттігі.
Жеребе қорытындысы бойынша ширек финалда төмендегі жұптар ойнайды: «Арсенал» (Англия) — «Бавария» (Германия);
- «Атлетико Мадрид» (Испания) — «Боруссия Дортмунд» (Германия);
- «Реал Мадрид» (Испания) — «Манчестер Сити» (Англия);
- «ПСЖ» (Франция) — «Барселона» (Испания).
Сондай-ақ жартылай финалдың жеребесі тартылды:
- «Атлетико Мадрид» / «Боруссия» — «ПCЖ» / "Барселона";
- «Арсенал» / «Бавария» — «Реал Мадрид» / «Манчестер Сити».
Ширек финалдың ойындары 9 және 10 сәуірде өтеді. Ал, қарымта ойындар 16 және 17 сәуірге белгіленді. Ал, жартылай финал 30 сәуір, 1 мамыр және 7-8 мамыр күндеріне жоспарланған. Чемпиондар лигасының ақтық ойыны 1 маусымда Лондондағы Уэмбли стадионында өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

