Жаңалықтар

Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларды тергеу басталды

Chia Tai Tianging қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларды тергеу басталды
Фото: gov.kz 20.04.2023 16:22 977

«Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша тергеу ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізуде, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Кәсіпорын тағамдық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерін өндіруге инвесторлардан қаражат тартқан. Өзінен кейін адамдарды алып келген салымшыларға бонус төлеу уәде етілді.

Айта кету керек, «Chia Tai Tianging» Қазақстан аумағында заңды тұлға ретінде тіркелмеген.

Қазіргі уақытта ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті аталған серіктестіктің екі белсенді басшысын ұстап, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Басқа ұйымдастырушыларды анықтап табу бойынша іс-шаралар жалғасуда.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз «Chia Tai Tianging» әрекетінен зардап шексе, ҚМА  саll-орталығына хабарласыңыз - 1458

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға