Жаңалықтар

Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы анықталды

Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы анықталды
Фото: instagram.com/championsleague 12.06.2023 18:35 1144

«Манчестер Ситидің» испаниялық жартылай қорғаушысы Родри УЕФА Чемпиондар лигасының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Финалда «Сити» футболшылары Италияның «Интер» клубын ұтып, ал жеңіс голын Родри соқты.

68-минутта жартылай қорғаушы шабуылды жалғастырып, ағылшын клубына аталған турнир тарихындағы алғашқы жеңісті сыйлады.

Турнирдің символикалық құрамына «Манчестер Сити» клубынан 8 ойыншы кірген.

Қақпашы: Тибо Куртуа («Реал»);

Қорғаушылар: Федерико Димарко, Алессандро Бастони (екеуі де – «Интер»), Рубен Диаш пен Кайл Уолкер (екеуі де – «Манчестер Сити»);

Жартылай қорғаушылар: Родри, Кевин Де Брюйне мен Джон Стоунс (барлығы – «Манчестер Сити»);

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор («Реал»), Эрлинг Холанд пен Бернарду Сильва (екеуі де – «Манчестер Сити»).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға