Жаңалықтар

Чемпиондар лигасының барлық қатысушысы анықталды

Чемпиондар лигасының барлық қатысушысы анықталды
Фото: instagram.com/championsleague 29.08.2024 12:28 333

Еуропадағы басты футбол турнирінің іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде алғаш рет 36 команда ойнайды. Германия мен Италиядан бес клубтан қатысады.

Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымының жалпы кезеңінің қатысушылары:

Германия: «Байер», «Штутгарт», «Бавария», «Лейпциг», «Боруссия» (Дортмунд).

Италия: «Интер», «Милан», «Ювентус», «Болонья», «Аталанта».

Англия: «Манчестер Сити», «Арсенал», «Ливерпуль», «Астон Вилла».

Испания: «Реал», «Барселона», «Жирона», «Атлетико».

Франция: «Пари Сен-Жермен», «Монако», «Брест», «Лилль».

Нидерланд: ПСВ, «Фейенорд».

Португалия: «Спортинг», «Бенфика».

Австрия: «Штурм», «Зальцбург».

Сонымен қатар «Брюгге» (Бельгия), «Динамо» (Загреб, Хорватия), «Селтик» (Шотландия), «Спарта» (Прага, Чехия), «Шахтер» (Украина), «Янг Бойз» (Швейцария), «Црвена Звезда» (Сербия), «Слован» (Братислава, Словакия) клубтары бар.

Чемпиондар лигасына соңғы болып іріктелгендер: «Динамо Загреб» (Хорватия), «Спарта» (Чехия), «Янг Бойз» (Швейцария) және «Ред Булл Зальцбург» (Австрия).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға