Чемпиондар лигасы: «Қайрат» негізгі кезеңде қай клубтармен кездесуі мүмкін?
УЕФА Чемпиондар лигасы 2025/26 маусымының жалпы кезеңіне арналған соңғы себеттер анықталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Дебютанттар қатарында – алматылық «Қайрат», кипрлік «Пафос», норвегиялық «Будё-Глимт» және бельгиялық «Юнион СЖ» бар.
Жеребе 28 тамызда Монакода өтеді. Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Тікелей эфирді Qazsport арнасы көрсетеді.
Қатысушылар себеттері:
1-себет:
ПСЖ (Франция)
«Реал Мадрид» (Испания)
«Манчестер Сити» (Англия)
«Бавария» (Германия)
«Ливерпуль» (Англия)
«Интер» (Италия)
«Челси» (Англия)
«Боруссия Дортмунд» (Германия)
«Барселона» (Испания)
2-себет:
«Арсенал» (Англия)
«Байер Леверкузен» (Германия)
«Атлетико Мадрид» (Испания)
«Бенфика» (Португалия)
«Аталанта» (Италия)
«Вильярреал» (Испания)
«Ювентус» (Италия)
«Айнтрахт Франкфурт» (Германия)
«Брюгге» (Бельгия)
3-себет:
«Тоттенхэм» (Англия)
«ПСВ» (Нидерланд)
«Аякс» (Нидерланд)
«Наполи» (Италия)
«Спортинг» (Португалия)
«Олимпиакос» (Грекия)
«Славия Прага» (Чехия)
«Будё-Глимт» (Норвегия)
«Марсель» (Франция)
4-себет:
«Копенгаген» (Дания)
«Монако» (Франция)
«Галатасарай» (Түркия)
«Юнион СЖ» (Бельгия)
«Карабах» (Әзербайжан)
«Атлетик Бильбао» (Испания)
«Ньюкасл» (Англия)
«Пафос» (Кипр)
«Қайрат Алматы» (Қазақстан)
Жеребе қалай өтеді?
Алдымен 1-себеттен бір шар алынады. Содан кейін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету (былтыр қолданылған жүйе) клубқа қарсылас болатын сегіз команданы кездейсоқ таңдайды. Бұл ретте мынадай ережелер сақталады:
Әр себеттен екі команда: біреуі өз алаңында, біреуі сырт алаңда.
Бір елдің командалары бір-бірімен ойнамайды.
Бір ассоциациядан екіден артық қарсылас түспейді.
Чемпиондар лигасы ойындарының кестесі:
Жалпы кезең
1-тур: 16-18 қыркүйек 2025 ж.
2-тур: 30 қыркүйек – 1 қазан 2025 ж.
3-тур: 21-22 қазан 2025 ж.
4-тур: 4-5 қараша 2025 ж.
5-тур: 25-26 қараша 2025 ж.
6-тур: 9-10 желтоқсан 2025 ж.
7-тур: 20-21 қаңтар 2026 ж.
8-тур: 28 қаңтар 2026 ж.
Плей-офф кезеңі
Қосымша матчтар: 17-18 және 24-25 ақпан 2026 ж.
1/8 финал: 10-11 және 17-18 наурыз 2026 ж.
Ширек финал: 7-8 және 14-15 сәуір 2026 ж.
Жартылай финал: 28-29 сәуір және 5-6 мамыр 2026 ж.
Финал: 30 мамыр 2026 ж. (Будапешт)

