Жаңалықтар

Чехия Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі

Чехия Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі
Фото: t.me/pressmfakz 17.01.2024 05:21 932

Қазақстанның Чехиядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев Чехия Парламенті депутаттары палатасының спикері Маркета Пекарова-Адамовамен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР СІМ мәліметінше, кездесу барысында парламентаралық өзара іс-қимылды, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық және ішкі саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Б.Дүйсенбаев спикерді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың барысымен таныстырды. Атап айтқанда, Чехия тарапына ҚР Конституциясына, сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ елдің экономикалық әлеуетін одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы ақпарат берілді.

Елші Қазақстан мен Чехия арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың дәстүрлі жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел парламенттері басшылығының өзара сапарлары тәжірибесін жалғастырудың маңыздылығына назар аударды. 

Өз кезегінде, М.Пекарова-Адамова Чехияның Қазақстанмен қарым-қатынастарды дамытуға маңызды мән беретінін атап өтті. Спикер парламентаралық достық топтарының жұмысына жоғары баға беріп, түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға қызығушылық білдірді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға