ChatGPT қолданушылар ең көп кіретін сайттар тізімінде алғашқы бестікке енді
14.05.2025 17:29
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/DALL-E-3
Similarweb аналитикалық компаниясының мәліметіне сәйкес, ChatGPT әлемдегі ең көп қаралатын сайттардың алғашқы бестігіне енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Рейтингтің көшін Google бастап тұр, одан кейінгі орында — YouTube. Үшінші және төртінші орындарды Meta компаниясына тиесілі әлеуметтік желілер — Facebook пен Instagram иеленді.
Бұған дейін ChatGPT әлем бойынша ең көп жүктелген қосымша атанған болатын. Ол алғаш рет TikTok пен Instagram-ды басып озды. Мамандар бұл танымалдылықтың артуын сурет генерациялау функциясының жаңаруымен байланыстырады — қолданушылар Studio Ghibli стиліндегі вирустық суреттерді жаппай жасап, бөлісе бастаған. Сонымен қатар OpenAI дауыс режимін жетілдіріп, визуалды контентке қойылатын шектеулерді жеңілдетті.

