OpenAI компаниясы өз өнімінің жаңа тарифін — ChatGPT Go жоспарын таныстырды. Бұл нұсқа тегін ChatGPT-ке қарағанда қуаттырақ, бірақ Plus пен Pro жоспарларынан арзанырақ, сондықтан күнделікті қолданушылар үшін ең тиімді шешім саналады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ChatGPT Go не істей алады
-
GPT-4o mini моделін қолданады — жылдам әрі ақылды;
-
Интернеттен ақпарат іздей алады;
-
Суреттер мен файлдармен жұмыс істейді;
-
Кестелер мен құжаттарды оқи алады;
-
Чат тарихын есте сақтайды (memory);
-
Projects және Tasks функцияларын пайдалануға мүмкіндік береді.
Қандай функциялар кірмейді
-
Sora видеогенерациясы бұл тарифке қолжетімді емес;
-
Толық GPT-5 моделі тек Plus және Pro жоспарларында;
-
Кей кәсіби құралдар — мысалы, Connectors пен Advanced Data Analysis — жоғары тарифтерге ғана кіреді.
Қазақстанда ChatGPT Go тарифінің құны – 4750 теңге. ChatGPT Go — Plus тарифіне ақша қимай жүрген қолданушылар үшін ең қолайлы нұсқа. Бағасы қолжетімді, ал мүмкіндіктері күнделікті жұмыс, оқу және контент дайындау үшін әбден жеткілікті.

