Чарли Чаплиннің қызы қайтыс болды
23.07.2023 03:36
Фото:
"4 мушкетера Шарло" фильмінен кадр
Чарли Чаплиннің қызы актриса Джозефин Чаплин Францияда 74 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаралы хабарды оның ұлдары Шарли, Джулиен және Артур Le Figaro-ға мәлімдеген. Олардың айтуынша, анасымен қоштасу рәсіміне жақын адамдар ғана жиналып, баспасөзде жарияланбаған.
Өлімге не себеп болғаны белгісіз. Чаплиннің мұрагерлері оның 13 шілдеде қайтыс болғанын айтты.
Джозефин Чаплин – актер және режиссер Чарли Чаплин мен америкалық актриса Уна О'Нилдің қызы. Жұлдызды жұп алғаш рет 1942 жылы кездескен. Ол кезде әлемдік кино жұлдызы 53 жаста, ал Уна небәрі 18 жаста болған. Соған қарамастан араға бір жыл салып екеуі үйленіп, 35 жыл бірге тұрған.
Джозефин – Чарли Чаплиннің 11 баласының ішінде алтыншысы.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

