Жаңалықтар

Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті
Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті
Фото: Ақорда 18.01.2023 18:28 1146

Жиында Мемлекеттік комиссияның 2022 жылы атқарған қызметінің негізгі қорытындылары қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мемлекеттік комиссия жұмысының басты нәтижелерінің бірі ретінде саяси қуғын-сүргін тарихына арналған материалдар мен құжаттардың 31 томдық жинағының жарық көргенін айтуға болады.

Отырыс барысында еңбекті дайындаған авторлардың қатысуымен көптомдықтың тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітаптар ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының түрлі санаттарына қатысты бұрын жарияланбаған архив құжаттары мен материалдарынан құралған.

Мемлекеттік комиссияның материалдарын жарыққа шығару жұмысы биыл да бірыңғай серия шеңберінде жалғасатын болады.

Сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдардың басшылары арнайы және ведомстволық архив қорларындағы құжаттарды құпиясыздандыруға,  архив материалдарын жүйелеуге және цифрландыруға қатысты атқарған жұмыстары жайында баяндады.

Жиын соңында 2023 жылы қолға алынатын басты бағыттар бойынша, ғылыми-зерттеу және қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстарын жалғастыруға қатысты тапсырмалар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға