Жаңалықтар

Cargolux әуе жүк тасымалының ұшақтары Астана әуежайына қона бастады

Cargolux әуе жүк тасымалының ұшақтары Астана әуежайына қона бастады
Фото: © Pixabay.com 01.05.2023 14:30 896

Жүк әуе тасымалдарының әлемдік нарығының үздігі Cargolux Астана әуежайымен ынтымақтастықты бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Н.Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін Сargolux жүк әуекомпаниясының алғашқы рейсі келіп қонған. 

Алдағы уақытта Люксембургтен Қытай, Жапония және Тайвань қалаларына аптасына 10-нан астам рейс жоспарланып отыр. Бұған дейін Астанада ұзақ тұрақты жүк рейстері болмаған еді. Осы ретте Сargolux әуе компаниясы жаңа мүмкіндіктерді қарастыра отырып, Еуропа мен Қазақстан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы жүк ағынын дамыту үшін Астана қаласын таңдаған.

Елордалық әуежайдың географиялық орналасуы өте жақсы, сонымен қатар Қазақстандағы ең үздік инфрақұрылымы бар әуежай болып есептеледі. Әуежай 2020 жылы өз бизнесін әртараптандырды, жүк транзиттік әуе компанияларын тартудың ең жақсы шарттарын ойластырды, сондықтан әлемдегі ең тарихи және ең танымал тасымалдаушылардың бірімен серіктес бола алды. Қош келдің, Cargolux, - деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға