Жаңалықтар

Бюджеттен 19,2 млрд теңге ұрланған – ҚМА

Бюджеттен 19,2 млрд теңге ұрланған – ҚМА
Фото: t.me/afm_rk 16.07.2024 10:05 594

Қаржылық мониторинг агенттігі мердігерлердің құны 300 млрд теңгеден асатын 35 мемлекеттік жоба бойынша ЖСҚ-да бағаны негізсіз көтермелегенін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Агенттіктің бастамасы бойынша олардың құны 45 млрд теңгеге төмендетілді. Бұл туралы Дмитрий Малаховтың төрағалығымен өткен бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысында айтылды.

Қазір 19,2 млрд теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды.

Жалпы, қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша 7 есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді, - делінген мәліметте.

Қорытындылай келе, Дмитрий Малахов көлеңкелі экономикаға қарсы күрес саласында бюджет қаражатын ұрлауды, контрабанданы, есірткі бизнесін және ұйымдасқан қылмыстық топтарды қаржыландыруды анықтау жөніндегі жұмысты күшейтуді, сондай-ақ адал бизнесті дамыту үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуді және кәсіпкерлерді қылмыстық қудалау орбитасына тартудан қорғауды тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға