Жаңалықтар

Былтыр Жамбыл облысында 28 елді мекен ауыз сумен қамтылды

Былтыр Жамбыл облысында 28 елді мекен ауыз сумен қамтылды
Фото: Жамбыл облысының әкімдігі 17.01.2024 22:54 891

Жамбыл облысында осы бағытта өткен жылы «Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 54 нысанның құрылысына 13,6 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 28 елді мекен тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, бүгінгі таңда өңіріміздегі тұрғындарды орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары қарқынды жүзеге асуда.

Ал, ағымдағы жылы 49 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына 21,7 млрд. теңге қарастырылған. Ал, жыл соңына дейін 25,7 мың адам қоныстанған 43 ауыл толыққанды тіршілік нәрімен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға